Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ІІМ миграция қызметімен айналыспайды

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ІІМ миграция қызметімен айналыспайды

Заңсыз көші-қонның, заңсыз көшіп келушілердің реадмиссиясының жолын кесу, Қазақстан Республикасынан кетуге және елге келуге визалар беру, сондай-ақ халықты және азаматтықты құжаттандыру жөніндегі өкілеттіктер ІІМ қарамағында қалады. ІІМ еңбек көші-қоны және босқындар мәселелерін басқа ведомствоға бермекші, деп хабарлайды Polisia.kz.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі әлемде еңбек көші-қоны жаһандық сипатқа ие және ел дамуының экономикалық және әлеуметтік деңгейімен тікелей байланысты екенін бірнеше рет атап өтті. Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне көші-қон процестерін реттеуге және еңбек көші-қонына байланысты көші-қон саласындағы функциялардың үштен бірінен астамы беріледі», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» тиісті жарлыққа ағымдағы жылдың 19 шілдесінде қол қойды.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ІІМ ведомствоаралық үйлестірумен, көші-қон процестерін реттеу және мониторингілеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлеумен, босқын мәртебесін берумен, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар берумен айналыспайды. Өзгерістер құқық қорғау жүйесін реформалау және ішкі істер органдарын оларға тән емес функциялардан босату шеңберінде енгізіледі.

Көші-қон саласындағы функцияларды азаматтық ведомствоға беру көші-қон заңнамасының сақталуын және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Осылайша Ішкі істер министрлігі Көші-қон саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру үшін біздің ел қабылдаған бағытты толығымен ұстанады.
24 шілде 2021 ж. 837 0

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 48

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 35

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031