Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасын көтеру ұсынылды

Елімізде жалға берілетін тұрғын үйлердің бағасын көтеру ұсынылды

Қазақстан құрылысшылар одағы төралқасы төрағасының орынбасары Валерий Лакисов, жалға берілетін пәтер құнын өсіруді ұсынды. Ол құрылыс компанияларының шығынсыз жұмыс істеуіне қажет екен, деп жазады Qazaqstan MediaMassaget.kz сілтеме жасап.

Бүгінде жалға берілетін пәтердің бағасын бір шаршы метріне 320 мың теңгеден 360-380 мың теңгеге дейін көтеру керек. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағы төралқасы төрағасының орынбасары Валерий Лакисов айтты.

«Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлерге сұраныс бар. Содан кейін олар жалға беріледі. Бүгінде Қазақстан тұрғын үй компаниясының мәліметінше, жалға берілетін тұрғын үйдің тапшылығы – шамамен 125 мың шаршы метр. Бұл механизм қажет. Себебі ол халықтың әлеуметтік осал тобына жататындарға пәтерді қолайлы бағамен алуға мүмкіндік береді», – деді Валерий Лакисов.

Оның айтуынша, құрылыс компанияларына мұндай тұрғын үйлерді салу тиімсіз.

«Қазір бұл үйлердің шаршы метрінің бағасы құрылыс компаниялар қажет бағадан төмен. Аталған жағдай мәселе тудырады. Себебі мұндағы баға нарықтағы бағадан төмен. Cондай-ақ алдымен пәтерде жөндеу жұмысы жүргізіліп, содан кейін иесіне берілуі керек. Мұнда әрлеу материалдарының бағасы ескерілмейді. Құрылысшылар одағы жалға берілетін тұрғын үйдің сатып алу құнын 380 мың теңгеге көтеруді ұсынады»-деді Валерий Лакисов.

Спикердің айтуынша, бұл сан жергілікті атқарушы билікке алдағы уақытта салынатын жалға берілетін үйді төмен бағаға сатып алуға мүмкіндік береді, ал құрылыс компаниясы шығынсыз дами алады. Өңірлерде жалға берілетін үйдің бір шаршы метрі кем дегенде 360 мың теңге болуы шарт, деп отыр.
27 қыркүйек 2024 ж. 71 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30