Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ақжона мен Алға ауылдық округтерінде болды

Аудан әкімі Ақжона мен Алға ауылдық округтерінде болды


Бірнеше күннен бері ауданға қарасты ауылдарға ат басын бұрып, тұрғындармен кездесіп жүрген аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет бүгін түстен кейін Ақжона мен Алға ауылдық окургтеріне табан тіреді. 

Қазалы ауданында жыл басынан бері жасалған жүйелі жұмыстар аз емес. Ақжона халқымен кездескен тұста бұл жайында баяндап берген аудан басшысы, алдағы жоспарларды да тілге тиек етті. 

Шешімін тауып келе жатқан мәселелерге ризашылықтарын білдірген тұрғындар ұсыныс-пікірлерін де бүгіп қалмады. Мәселен, жайылымдық жер, аяқсу, жол жайы сөз етілді. 

Жұртшылық тарапынан айтылған ұсыныстардың орынды екенін айтқан аудан басшысы сауалдар бойынша бірқатар сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді. 

Мұнан соң Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылдың халқымен дидарласқан аудан әкімі ауданда шешімін тапқан жұмыстарды айтып, алдағы шаруаларды да ұмыт қалдырмады. 

Ауылда бой көтерген спорт кешеніне, асфальтталған көшелерге, басқа да қолға алынып жатқан жұмыстарға алғысын айтқан тұрғындар округ аумағындағы каналды тазалау, керектігін, бірнеше көшеге түнгі жарықшам қажет екенін жасырмады. Сонымен қатар өзге де мәселелерді ортаға салды. Аудан басшысы тиісті заңдылықтарға сәйкес тұрғындар тарапынан болған сауалдардың барлығына жауап беріп, бұл бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.


Аудан басшысы Ақжона ауылдық округіне сапары барысында ауылда салынып жатқан 100 орындық ауылдық клуб құрылысын көріп, мердігер мекеменің құрылысқа жауапты қызметкеріне ең алдымен құрылыс жұмыстарының сапасына мән беріп, жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 қыркүйек 2024 ж. 193 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 66

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930