Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі үш ауылдың халқымен кездесті

Аудан әкімі үш ауылдың халқымен кездесті


Фото: ашық дереккөз
Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Майдакөл, Ақжона және Алға ауылдық окургтеріне барып, елді мекендердің тыныс тіршілігімен танысты. Аудан басшысы алдымен ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қатар жатқан үш ауылдыңда тұрғындары өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтпас бұрын, ауылда атқарылып жатқан жұмыстардың барлығына ризашылықтарын жеткізіп, аудан басшысы мен барша ел азаматтарының жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында Мейрамбек Зинабдинұлы ауданда аймақ басшысының тікелей қолдауымен жүзеге асып жатқан бірқатар жобалар жайында сөз қозғап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Аудан әкімі тұрғындармен кездесуден соң ауылдық округтерде орналасқан мектеп, балабақша, әкімдік ғимараты, дәрігерлік амбулатория, спорт кешені сынды барлық әлеуметтік нысандарға барып, олардың бүгінгі жай-күйіне қанық болды. Әлеуметтік нысандарды аралау барысында білім ошақтарындағы асханаларыныңда жайын көріп, мектеп директорларына асханалардағы санитарлық тазалық мәселесіне аса мән беру керектігін ескертті

Ауыл әкімдері мен мекеме басшыларына тазалық ортақ абырой екенін жеткізіп, тұрғындармен бірлесе отыра, әрбір көше мен мекемелердің аулаларына көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 наурыз 2024 ж. 287 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 143

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930