Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің ауылдағы есебі жалғасын тапты

Аудан әкімінің ауылдағы есебі жалғасын тапты


Бірнеше күннен бері ауданға қарасты ауылдарға ат басын бұрып, тұрғындармен кездесіп жүрген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Майдакөл, Ақжона және Алға ауылдық окургтеріне табан тіреді.


Қазалы ауданында жыл басынан бері жасалған жүйелі жұмыстар аз емес. Оның үстіне биыл Қызылорда қаласына 85 жыл және Қазалы ауданының құрылғанына 95 жыл толып отыр. Ал соның аясында атқарылған шаруаларда көңіл қуантып тұр. Аталған үш ауылдың халқын даталы мерекемен құттықтаған Мұхтар Әуесұлы алдағы жоспарларды да тілге тиек етті.

Шешімін тауып келе жатқан мәселелерге ризашылықтарын білдірген Бекарыстан би және Ақжона ауылының тұрғындары бұған дейінгі көтерілген мәселелердің назардан тастамауды сұрады. Ал Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауылының халқы округке жаңа әкімдік ғимарат қажеттігін және электр желісі мен жолдың жайын баяндады.

Көтерілген ұсыныс-пікірлердің барлығы қаперде болатынын айтқан аудан басшысы шешілу жолында барлық мүмкіндіктер жасалатынына тоқталды.

Үш ауылдың клубында өткен кездесулерде Мұхтар Әуесұлы ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар жандарға Қазалы ауданының 95 жылдық төсбелгісімен марапаттады.

Айта кетейік, аудан әкімі Бекарыстан би ауылына барған тұста округтің ескі және жаңадан бой көтеріп жатқан әкімшілік ғимаратын көріп, жұмысымен танысты.
24 қараша 2023 ж. 247 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930