Қызылордалық жүргізушілер VIP - нөмірлер тағады
Фото: Айнұр Төлешова
Қызылордалық жүргізушілер көп жағдайда темір тұлпарларына VIP - нөмірлерді таққанды қалайды. Жыл басынан бері облыс тұрғындары сәнді нөмірлерді сатып алу үшін 290 миллион теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Қызылордалық автожүргізушілер жеке имидждеріне көп көңіл бөлетінге ұқсайды. Себебі көліктеріне сәнді әрі бағасы аса қымбат нөмірлерді тағады. Бұл мәліметті Қызылорда облыстық ХҚКО - ның баспасөз орталығы таратып отыр.
“Жыл басынан бері аймағымызда 2700-ден аса автомобиль тіркеліп, 1197 жүргізуші куәлік берілген. Қызылорда облысында 070, 077, 101 цифрлық белгісі бар мемлекеттік нөмірлер сұранысқа ие. Әрбір осындай нөмірдің мемлекеттік баж мөлшері 57 АЕК (2024 жылы - 210 444 теңге) құрайды. Ең қымбат әріптері бірдей VIP нөмірлер 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Әрбір осындай нөмір үшін мемлекеттік баж 285 АЕК құрайды, яғни 1 052 220 теңге”, - деп мәлімдеді мекеменің ресми өкілі.
Естеріңізге салайық, жоғары сұранысқа ие нөмерлерді саты елімізде 10 жыл бұрын тәжірибеге енгізілген болатын.