Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой

Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой

Ұстаз болу жүректің батырлығы... Осындай киелі мамандықты таңдап, суығына төзіп, ыстығына күйіп жүрген жандардың еңбегі кім-кімге де үлгі, шәкірттеріне өнеге. Талай жыл білім саласында тер төгіп келе жатқан ұлағатты жандардың қатарында Әбдіхалықова Ләззат Алтынбекқызы да бар.

Ләззат Алтынбекқызы орта мектептен кейін Қызылорда қаласындағы М.Маметова атындағы педогогикалық училищені, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1989 жылдан бері Бозкөл ауылындағы Қарасақал Ерімбет атындағы №96 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді. 35 жылдық тәжірибесі бар мақтаулы маман білім, мәдениет, ақпарат және мемлекеттік тіл мәртебесін асыру саласына еңбек сіңіріп жүрген I санатты мұғалім. Оқушыларын шығармашылық конкурстарға, тіл туралы байқауларға қатыстырып, өлең жазуға үйретіп келеді. Білікті ұстаз өз тәжірибесін ғылыми-әдістемелік жүйеге негіздеп, оқушыларға сабақ берудің озық технологиясын пайдаланады. 2017 жылдан бері Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының мүшесі, 2018 жылдан бері Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. «Абай 175 жыл» төс белгісінің иегері. «Қазақстан әйелдері» жұрналы ақылдастар алқасының шешімімен Республикалық «Қазақ әйелдерінің энциклопедиясына» өмірдерегі мен суреті жарияланған. Осы күнге дейін аудандық және облыстық баспасөздің «Туған жер тұнған шежіре», «Менің ұстаздарым», «Ардагерлер – асыл жандар», «Ел есіндегі есімдер», «Қарттарым асыл қазынам», «Ұлы Жеңіс», «Озат ұстаз, озық тәжірибе» айдарына жарияланған көптеген танымдық мақалалар мен үздік іс тәжірибелердің авторы. Шығармашылық және теориялық әдістемелік білім тереңдігін танытатын республикалық ғылыми-әдістемелік және халықаралық ғылыми журналда мақаласы жарық көрген. аудандық «Қазалы» газетінде шығармашыл ұстаздың туындылары жиі жарияланып тұрады.
Бірнеше мәрте «Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалдары бойынша педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттыру институтында өткен облыстық, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, жасаған баяндамалары «Үздік» деп танылып, бірнеше мәрте облыстық, республикалық, халықаралық арнайы әдістемелік жинақтарға еніп, сертификат пен Алғыс хат берілген.
Тараз қаласында ҚР Консти­туциясының 20 жылдық мерекесіне орай «Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен «Білім берудегі көшбасшылық: Табысты мұғалім – табысты оқушы» республикалық оn-Line байқауы – 2015 қатысып, сабақтары сертификатталған мұғалімдердің әдістемелік «Табысты сабақ» электронды жинағына енген. 2015 жылы Алматы қаласында «Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының 50 жылдық мерекесіне орай өткен «Педагогтардың біліктілігін арттыру және кәсіби дамуы» тақырыбындағы Корея, Турция, США, Россия, Германия, Канада, Австралия, Украйнаның ғалымдары қатысқан Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жасаған «Ауыл мұғалімдерінің біліктілігін арттыру – мұғалім ізденістері мен білім сапасын арттырудың кепілі» баяндамасы электронды әдістемелік жинаққа еніп, барлық оқу орталықтары, колледж, институттарға таратылып отыр. 2016 жылы Петропавл қаласында А.Бөкейхановтың 150 жылдығына орай «Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында өткен республикалық Бөкейхан оқулары – 2016 қатысып, баяндамасы жинаққа енген. 2017 жылы «Өрлеу» БА ҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында пән мұғалімдерінің «Педагогтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында патриоттық тәрбиені жүзеге асырудағы рөлі» тақырыбында өткен республикалық интернет-форум – 2017 қатысып, әзірлемесі біліктілігін арттыру курстарынан өткен мұғалімдердің жинағына еніп, сертификат алды. Осы жылы халықаралық білім мен ғылымды қолдау орталығы «Эрудит» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған республикалық педагогтар байқауында «Мәртебелі маман – 2017» дипломын, халықаралық білім мен ғылымды қолдау орталығы ұйымдастырған республикалық шығармашылық педагогтар байқауында «Жыл үздігі – 2018» диплом иеленген. «Nobel Education» халықаралық педагогикалық орталығы «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясы аясында өткізген «Білім берудің жарқын болашағына арналған құндылықтар, әл-ауқаттылық және инновация» тақырыбындағы II халықаралық қашықтық экспресс конференциясына қатысып, жас ұрпақты тәрбиелеудегі инновациялық идеяны ұсынғаны үшін Диплом берілген. «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Қазақ әдебиеті» блиц турнирінде І орын алғаны үшін I дәрежелі Дипломы берілді. 2020 жылы республикалық мұғалімдер арасындағы виртуалды-олимпиадаға қатысып, сертификат алған. Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұйымдастырған I республикалық «Кемеңгер ұстаз» олипиадасында да арнайы сертификатын иеленген.
Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың ақпараттық-библиографиялық көрсет­кіштеріне тәрбиелік-танымдық мақа­лалары, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың оқытудың әдістемесі көрсеткіштеріне ғылыми мақалалары еніп, ғылыми қызметкерлерге, кітапханашыларға, әдебиетшілерге, студенттер мен оқушылардың назарына ұсынылып отыр. Оқушылары Абай және М.Мақатаев оқулары, З.Шүкіров, Абай және Шәкәрім өлеңдерінен өткен аудандық шығармашылық байқауда және облыстық, республикалық конкурстарда Алғыс хат иемденіп келеді. Осы ұстаздық қызмет етіп келе жатқан уақыттарда бірнеше оқушылары Шаттық Шындалы, Ақерке Талғат, Аққу Шапай, Назым Қараман «Алтын белгі» иегері атанды. Ләззат Алтынбекқызы дайындаған шәкірттер талай додаларда топ жарып, биік белестерді бағындырып жүр.
Ізденімпаз ұстаз Ләззат Алтынбекқызы ұрпақтың болашағы мен ана тіліміздің тағдыры жолындағы ерен еңбегі үшін Қазалы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының, Қазалы аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті төрағасының, Қазалы аудандық білім бөлімі, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалы төрағасының, Қазалы ауданының әкімі, Қазақстан Журналистер одағы алғыс хатын иеленген. Қызылорда облысы бойынша қоғамы «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, үштілділікті насихаттауды жандандыру мақсатында өткізілген республикалық «Тіл шебері» байқауында шәкірті «Бас жүлде» алды. ҚР БжҒМ Республикалық «Өркениет» әдістемелік педагогикалық орталығы Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегінің тұтқасын ұстайтын өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Шығармашыл мұғалімдердің облыстық Тәжірибе алаңының 20 жылдығы аясында «Кәсіби құзіреттілікті дамыту: мүмкіндіктер, тәжірибе мен стратегиялар» тақырыбында өткізілген ғылыми практикалық конференцияға қатысқаны үшін «Сертификат», Қызылорда облыстық білім басқармасының, Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің «Білім беру саласының дамуына қосқан елеулі үлесі мен еліміздің болашақ иелеріне сапалы білім, өнегелі тәрбие берумен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін» «Құрмет грамотасы» берілген.
– Нағыз ұстаз болу – бақыт әрі абырой. Шындығында, мұғалім болу оңай болып көрінгенімен, ал нағыз ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. «Ұстазды алтын діңгекке теңер едім» – деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, ұстаз жолы қиыншылығы мен рахаты көп мамандық атаулының ұлысы. Ұстаздық ету тынбай жұмыс істеу, өз уақытын аямай, өзгенің бақытын аялау. Біздің мақсат – шәкірттерді білім шуағымен нәрлендіріп, адамгершілік қасиетті, мейірім шуағын болашақ ұрпақтың бойына дарыту, – дейді Ләззат Әбдіхалықова.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

07 қыркүйек 2024 ж. 133 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031