Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » +25 градус жылы, жаңбыр және қатты жел: 2 қазанда Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады

+25 градус жылы, жаңбыр және қатты жел: 2 қазанда Қазақстан қалаларында ауа райы қандай болады

Фото:depositphotos.com
Жұма, 2 қазан күні Қазақстан қалаларында күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Күндіз ауа температурасы 10-нан 25 градусқа дейін жылы болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қалалар бойынша ауа райы
Астана – күн құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.
Алматы – күн құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр, кей уақытта екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Шымкент – күн құбылмалы болады, түнде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Түркістан – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Қонаев – күн құбылмалы болады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, кей уақытта екпіні 15 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 21-23 градус жылы.
Қызылорда – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы.
Талдықорған – күн құбылмалы болады, кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 10-12 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.
Тараз – күн құбылмалы болады, түнде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 22-24 градус жылы.
Ақтау – күн құбылмалы болады, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Ақтөбе – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы.
Атырау – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 1-6, күндіз 6-11 метр секундына. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.
Орал – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 10-12 градус жылы.
Қарағанды – күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 6-8 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.
Жезқазған – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 20-22 градус жылы.
Көкшетау – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 7-12 метр секундына. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.
Қостанай – күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 14-16 градус жылы.
Петропавл – күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.
Павлодар – күн құбылмалы болады, түнде аздап жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 19-21 градус жылы.
Семей – бұлтты болады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 2-4 градус жылы, күндіз 16-18 градус жылы.
Өскемен – күн құбылмалы болады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 4-9, күндіз 9-14 метр секундына. Ауа температурасы түнде 1-3 градус жылы, күндіз 18-20 градус жылы.
Бұған дейін синоптиктер 2 қазанға бүкіл Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялаған болатын. Олар өрт қаупінің жоғары екенін, жауын-шашын мен қатты жел болатынын ескертті, толығырақ – материалда.
02 қазан 2026 ж. 31 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031