Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі арадагер ұстаздарды мерекемен құттықтады

Аудан әкімі арадагер ұстаздарды мерекемен құттықтады

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ауданның білім беру саласында жемісті еңбек еткен ардагер ұстаздарға арналған мерекелік шара өтті.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ұлағатты ұстаздарды Халықаралық қарттар күні және алда келе жатқан және ұстаздар күні мерекесімен құттықтап, білім саласының дамуына қосқан айрықша үлестері үшін алғысын білдірді.
– Қазақ «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дейді. Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, ұлт болашағына қызмет ету. Сіздер осы ұлы жолда талай жыл тер төгіп, мыңдаған шәкіртке білім беріп, олардың өмірден өз орнын табуына бағыт-бағдар бердіңіздер. Бүгінде Президентіміздің, Үкіметтің және облыс әкімінің қолдауымен өңірдегі білім беру саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде аудандағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 6 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында оқушыларымыз халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі білім бәсекелерінде топ жарып, үздік атануда. Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 943 оқушының 531-і мемлекеттік грант иегері атанды. Мұның барлығы – оқушылардың жетістігі ғана емес, олардың артында тұрған ата-аналар мен ұстаздардың еселі еңбегінің нәтижесі. Сіздерді қазан айындағы қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын және дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін. Шәкірттеріңіздің жетістігін көріп, ұрпақтарыңыздың қызығына бөленіп, елдің құрметіне бөленіп жүре беріңіздер! Қазалының қазыналы қарияларының, ардагер ұстаздарының абыройы әрдайым биік болсын, – деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мұнан кейін аудан басшысы ауданның білім саласының дамуына зор үлес қосқан бірқатар ардагер ұстаздарға мерекелік құттықтау табыстап, камзол мен жаулық жауып, құрмет көрсетті.
Мерекелік басқосуда аудандық білім саласы ардагерлер ұйымының төрағасы, ардагер ұстаз Серік Қуанышбаев, «Құрмет белгісі» орденінің, Ы.Алтынсарин және «Ерең еңбегі үшін» медальдарының иегері, білім беру ісінің үздігі Күләш Мергенбаева құттықтау сөз сөйлеп, мерекелік тілегін жеткізді.
Кәсіби мереке аясында ұйымдастырылған іс-шарада ардагер ұстаздар сөз алып, құрмет көрсеткен аудан әкімі мен білім саласының басшылығына ризашылықтарын білдірді. Ардагер ұстаздардың құрметіне арналған шарада концерттік бағдарлама ұсынылып, ардагерлерге аудан әкімінің мерекелік сыйлықтары табысталды.
01 қазан 2026 ж. 40 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031