Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңілдетілген бизнестің табысы 18,9%-ға өсті

Жеңілдетілген бизнестің табысы 18,9%-ға өсті

Бұл туралы Қаржы министрлігі хабарлады.  
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Қазақстанда жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режімін қолданатын кәсіпкерлердің табысы биылғы жылдың бірінші жарты жылында 9,4 трлн теңгеге жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, былтырғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 7,9 трлн теңге болған. Жұмыспен қамту көрсеткішінде де өсім бар.
Жалдамалы қызметкерлер саны 14,2%-ға артып, 445 мыңнан 509 мың адамға жетті. Еңбекақы қоры 7,2%-ға ұлғайған.
Сонымен қатар жалдамалы жұмыскері жоқ бизнес субъектілерінің саны 30,5%-ға азайды. Декларацияда табысын нөлден 5 млн теңгеге дейін көрсеткен кәсіпкерлердің үлесі үштен бірге төмендеген.
– Алғашқы нәтижелер бизнес пен жұмыспен қамтудың, декларацияланатын кірістердің өсімін көрсетіп отыр. Сонымен бірге жалдамалы жұмыскерлері жоқ кәсіпкерлер мен ең төменгі кірісті декларациялайтын субъектілер азайған. Алынған мәліметтер арнайы салық режиміндегі өзгерістің алғашқы оң нәтижелері туралы айтуға мүмкіндік береді, – деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Бұл деректер жаңартылған режим бойынша алғашқы есептіліктің қорытындысында алынған. Кәсіпкерлер биыл тамызда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған декларацияны алғаш рет тапсырды.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін жылдық табысы 600 мың АЕК-тен аспайтын және Салық кодексінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.
Бұл режим бойынша жеке немесе корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі – 4%. Жергілікті өкілді органдар оны заңнамада белгіленген шекте төмендетуге немесе ұлғайтуға құқылы.
Салық және есепті кезең – жарты жыл. Аталған режимдегі кәсіпкерлер импортталатын тауарларға және бейрезиденттерге байланысты жағдайларды қоспағанда, ҚҚС пен әлеуметтік салық төлемейді.
02 қазан 2026 ж. 30 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031