Бүгін қай өңірде ауа сапасы нашарлауы мүмкін: Қазгидрометтің 2 қазанға арналған болжамы
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі.
Фото: pixabay.com2 қазанда Қазақстанның бір ғана қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) күтіледі. «Қазгидромет» РМК синоптиктері тұрғындарға қозғалыс бағытын жоспарлау кезінде ауа райы факторларын ескеруге кеңес береді.
Синоптиктердің мәліметінше, 2 қазанда Атырау қаласында ҚМЖ болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесуі.
ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл адам денсаулығына әсер етуі ықтимал.
Ластану деңгейінің қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі – синоптикалық жағдайдың болжамы, яғни жел, жауын-шашын, ауа ылғалдылығы мен температурасы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде:
ашық ауада, әсіресе автожолдар мен басқа да ластау көздеріне жақын жерде болу уақытын қысқарту. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту ұсынылады;
өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далада жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек;
ашық ауадағы физикалық жүктемені шектеу. Дене шынықтыру мен спортпен жабық спорт кешендерінде айналысқан жөн.









