Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партия алаңында жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды

Партия алаңында жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды


Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда ауданымыз бойынша жалпы орта білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды.

Сөз басында комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков «AMANAT» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында білім беру сапасын арттыру мен бұл салаға қатысты мәселерді шешуде түрлі шараларды қабылдап, оларды орындауда ауқымды жұмыс атқарып келе жатқанын атап өтті.

Өз кезегінде, Қазалы ауданы бойынша білімнің басшысы Әділхан Жөлекешов аудандағы орта білім беру орындарының жаңа оқу жылына дайындық барысын баяндады. Аудан жаңа оқу жылын 38 орта білім беру мекемелерімен 17 мыңнан аса білім алушылармен басталғалы отыр. Олардың ішінде 1-ші сыныпқа 1644 бала барады. Бөлім басшысы жаңа оқу жылы қарасаңындағы жоспарлы жұмыстардың орындалуы тұрақты бақылауда екенін, жылу маусымына да әзірлік барысы бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді.

Ал комиссия мүшелері ең маңыздысы, алға қойған жоспарлардың сапалы әрі уақтылы орындалу қажеттігін айтты. Жылу маусымы кезінде нысандардың қатты және сұйық отынмен қамтылуы, білім беру саласындағы бос жұмыс орындары, шалғай ауылдардағы шағын орталықтағы туындаған мәселелер мен оқушылардың ыстық тамақпен қамтудағы қауіпсіздік шараларына қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Сондай-ақ отырыста партияның сайлауалды бағдарламсын іске асыру жөніндегі өңірілік Жол картасындағы Қазалы ауданы бойынша жастарды қолдау бағыты бойынша іс-шаралардың орындалуы мен «Жастар рухы» ЖҚ аудандық бөлімшесінің атқарған жұмыстары туралы бөлімше жетекшісі Нұрбек Ақпанбетов айтып берді.

Жол картадағы жастарды қолдау бағытында биылға жоспарланған іс шаралардың біршамасы орындалан. «Жастар рухы» ЖҚ аудандық бөлімшесі аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе жұмыс жасап келеді. Бүгінгі күнге дейін барлығы ерікті жастардың қатысуымен 300-ден астам іс-шаралар өткізіліп, оған 15000-ға жуық жастар тартылған.

Комиссия мүшесі Нұрғиса Жалғасбаев теміржол, білім, денсаулық сияқты әр түрлі салалардағы жас мамандармен жұмысты жандандырып, осы бағыттағы жұмыстарды назарға алу қажеттігін айтты.


29 тамыз 2024 ж. 162 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30