Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізілді

Жаңа оқу жылы қарсаңында аудандық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясы білім беру орындарына мониторинг жұмыстарын бастады. Мониторингтің мақсаты – мектептердің, мектеп жанындағы интернаттардың оқу жылына дайындығының жай-күйін анықтау, оқушылардың қауіпсіз және жайлы ортада білім алуына жағдай тудыру.
Бүгін Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков және комиссия мүшелері Нұрғиса Жалғасбаев пен Күншығар Әбліов аудан орталығындағы №70 орта мектебінде болып, мектеп жанындағы интернаттың жұмысымен танысты.
Комиссия мүшелері тарапынан оқу жылы барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, тиісті оқу құралдарымен жабдықтау және т.б. қажетті шараларды қабылдау туралы ұсынымдар берілді. Ал өз кезегінде мектеп әкімшілігі оқу процесін ұйымдастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Осы күні комиссия мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасы шеңберінде бой көтеріп жатқан Әйтеке би кентінің Достық көшесіндегі мектептің құрылыс алаңында болды. Онда 250 орындық мектептің қазіргі құрылыс барысын көріп, жұмысты күшейту мен сапасына қатысты бірқатар ұсыныс-ескертпелер айтты. Білім ошағының құрылысын «SCS инжиниринг» ЖШС жүргізуде.
#AMANAT
#КPК
#РРКAMANT
29 тамыз 2023 ж. 399 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031