Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-саттық көлемін 2 млрд долларға жеткізу көзделді

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-саттық көлемін 2 млрд долларға жеткізу көзделді

 Фото: Ақорда
Әңгімелесу барысында Президент қол жеткізілген уағдаластықтар екі елдің санқырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге шығаратынына сенім білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

   – Кеше жан-жақты және мазмұнды келіссөз жүргізілді. Оның нәтижесі де көңілден шығады. Бизнес-форумды жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Жалпы құны 1 миллард доллардан асатын келісімдерге қол қойылды. Бұл – қуантарлық жайт. Біз кеше өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға жеткізу үшін бірлесіп жұмыс істеуге келістік. Екі ел үкіметтері мемлекеттеріміз арасындағы сауда айналымын ұлғайтуға ықпал ететін түрлі бағытты қарастыруы керек деп ойлаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Тәжікстанмен сындарлы серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілді екенін тағы бір мәрте растады.

Өз кезегінде Кохир Расулзода Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, кейінгі жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастық жандана түскеніне тоқталды.

– Тәжікстан Үкіметі Қазақстанмен ықпалдастықты тереңдетуге басымдық береді. Сіздің еліңіз біз үшін маңызды сауда серіктес. Ондаған жылдар бойы Қазақстан сыртқы сауда айналымы бойынша тұрақты түрде негізгі рөл атқарып келеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта тауар айналымы ұлғайды. Өсім көрсеткіші 20 пайызға жуықтады. Сіз екі ел үкіметтеріне өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізуді тапсырдыңыз. Бұл – орындауға болатын міндет, – деді Тәжікстан Премьер-министрі.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кохир Расулзода келісілген уағдаластықтарды жүзеге асырудың, сондай-ақ өндірістік кооперациядағы және сауда-экономика, көлік-транзит салаларындағы әлеуетті толықтай пайдаланудың маңызды екенін атап өтті.
24 тамыз 2024 ж. 295 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 120

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930