Жолдауда жаңа бастамалар сөз болды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды.
ҚР-ның Сыртқы сауда-саттық деңгейі 136 млрд долларға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.
«Алайда нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалмауымыз керек. Осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет. Қазір әлемде геосаяси ахуал ушығып тұр. Соған қарамастан, ел экономикасының негізгі бағыттары бойынша көрсеткіштер өсті.
Былтыр Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 104 триллион теңге болды. Елімізге 28 миллиард доллар тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Сыртқы сауда-саттық бұрын болмаған деңгейге, яғни 136 миллиард долларға жетті. Оның 84 миллиарды – экспорт. Сыртқы қорымыз 100 миллиард долларға жуықтады», - деді Тоқаев.
Экономиканың өсуі тікелей ел дамуына әсер етеді. Бұл жөніндегі жұмыстарды әлі де пысықтауды тапсырды Ел Президенті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын отбасымызбен көрдік.
Ел Президенті дәстүрлі Жолдауында алдымен атқарылған жұмыстарға шолу жасады. Сонан соң алдағы міндеттер мен кейбір кемшіліктерді атап өтті. Сонымен бірге алдағы орта мерзімдік жұмыстың бағыт-бағдары айқындалғанын айтып өтті.
Жыл сайын Мемлекет басшысының Жолдауын асыға күтетініміз рас. Бастысы, айтылған мәселелер жоспарлы мерзімде жүзеге асса, онда ел үшін тиімділігін бермек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы әлеуметтік, экономикалық даму, жер мәселесіне дейін тарқатуда.
Өмірбек Күлімбетов,
ҚХА жанындағы АТТ мүшесі