Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ядролық сынақтан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек жасалуда

Ядролық сынақтан зардап шеккендерге әлеуметтік көмек жасалуда

Биыл Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл. Осыған орай жергілікті бюджеттен Семей ядролық сынақ полигонының зардабын жоюға қатысқан азаматтарға жыл сайын 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленіп келеді.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Мейрамбек Әбдукаримов мәлімдеді.
Үстіміздегі жылдың тамыз айында Қызылорда облысы бойынша жергілікті бюджеттен 30 АЕК мөлшерінде (1 адамға – 87 510 теңге) барлығы 464 адамға 40 604,6 мың.теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленді. Сонымен қатар, осы жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай, аталған санаттағы азаматтарға облыстық бюджет есебінен қосымша 40 АЕК (116680 теңге) мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы ұсынған тізімге сәйкес көмек алушылар саны 479 адамды, тиісінше қажетті қаржы көлемі 55890,0 мың теңгені құрады.
27 тамыз 2021 ж. 654 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 129

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 109

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 107

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 111

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031