Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалының Толағайлары

Қазалының Толағайлары

Қазақтың ұлттық ойындары – мәдениетіміздің маңызды бөлігі. Бір қызығы, ұлттық ойындар бес түрге бөлінеді екен. Олар аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Оның ішінде көргенде көзді «тойдыратын» ойынның бірі – қошқар көтеру.

Күнде болмаса да мереке қарсаңдарында түрлі спорттық сайыс ұйымдастырылады. Арасынан ерекше көзге түсетіні – қой көтеруге ерекше қөзқарас болатыны рас. Айнала жиналған көпшілік әупірімдеп қошқар көтеріп сайысқан жігіттерге дем беріп отыратыны бар. Ол Толағайлардың делебесін қоздырса, сайыс көрермендеріне көрік беріп, керемет ұлттық ойынның куәсін көрсетеді. Осындай ұлттық ойын барысында күштілігі мен ептілігігін танытып жүрген қазалылық толағайлар жайында жазуды жөн көрдік.
45 келілік қошқарды 300 рет көтерген Нұрқожа Темірбекұлы 1993 жылы Қазалыда дүниеге келген. №16 М.Горький атындағы мектептен білім алып, аграрлы-техникалық колледжде оқуын тәмамдайды. 12 жасынан бас­тап күреске, дзюдоға қатысады. Осыдан 8 жыл бұрын қой көтеруге деген қызығушылығы артып облыста 3 рет жеңімпаз атанады. Қазалының өзінде 14 дүркін чемпион болады.
– Қошқар көтеру – қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Осындай ұлттық спорт сайыстарына қатысып, келешек ұрпаққа насихаттап жүргеніміз кеудеме мақтаныш сезімін ұялатады. Бұл – еңбекпен әрі тыңғылықты дайындықпен келетін жетістік. Қошқар көтеруде уақыт шектеусіз кезде 300 рет көтердім. Ал уақытпен санасқанда 10 минутта 160-180 рет көтергенмін. Бастысы – ұлттық ойындарымыздың ұлықталып жүргеніне қуаныштымын, – дейді Нұрқожа.
Ал Рамазан Рашидұлы 2000 жылы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. №204 орта мектептен түлеп ұшқан соң Алматы облысында АГУниверситетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша қызылға бітіреді. Былтырғы жылдан бері Қазалы аудандық спорт клубында дзюдо күресінен жаттықтырушы болып жұмыс істейді.
– Қой көтеріп жүргеніме 2-3 жылдай уақыт болды. Ауданнан, облыс­тан жүлделерге ие болып жүрмін. Қалада өткен сайыста 3 минутта 110 рет көтергенмін. Салмағы 60-65 келі болды. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын– сауығы. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі-түрлі жаттығу жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Бүгінде белгілі бір уақыттарда ұйымдастырылып жүрген қой көтеру ойынына қатысып, ұлттық ойынымызды ұмытпай, керісінше ұлықтап жүргенімізге қуанамын, – дейді Рамазан Оразбай.
Ұлттық ойындары ұғымы – әр халықтың төл дүниетанымынан, жағырапиялық жағдайларға бейім­делуінен, ел мен жерді сыртқы жаудан қорғау дайындығынан негізгі ақпар береді. Бағзыдан бері сайын дала төсінде мекендеген сан алуан тайпа мен мемлекеттердің бүгінгі мұрагері қазақ халқының күнделікті өмір салтында ойын әрекеттерінің орны қашанда ерекше болған емес пе? Ұлттық ойындар қазақ халқының өмірінде үлкен маңызымен қатар алуан түрге ие болуында. Ең қызығы кішкентай балалардан ересек адамдарға дейін қатысып ойнайтын сан алуан ойын түрлері бар. Ал заман өзгеріп, технология қарыштап дамыған заманда ұлттық ойындарымызды ұлықтап жүрген жандардың бары көңіліме қуаныш сыйлайды. Біз жазған кейіпкерлер нағыз Толағай емес пе?
Айнұр ӘЛИ

17 тамыз 2024 ж. 246 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031