Қыз бала - отбасының шырайы
Бүгін Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес валеология пәнінің оқытушысы Н.Избанның ұйымдастырумен денсаулық саласы мамандарының қатысуымен «Қыз бала-отбасының шырайы» тақырыбында дәріс сағаты болып өтті.Шара барысында Қазалы аудандық «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясының гинекологы Ж.Ақмырзаева «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқып, ерте жүктіліктің алдын алу, қорғану жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Қазалы аудандық Жастар ресурстық орталығының инспекторы М.Шахар, «Болат жолы» дәрігерлік амбулаториясының психологы Г.Жанайбекова, колледж мейіркеші А.Аймандар жасөспірім қыздарға зиянды әдеттерден сақтану, қазіргі таңдағы ерте жүктіліктің алдын алу, қазақ қызының бойындағы өнегелік, ізгілік қасиеттер туралы айтты. Шараны директордың тәрбие ісі жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Күзембаева қорытындылап, бойжеткендерді қазақ қызына тән әдептілік, инабаттылық, кішіпейілділік т.б. әліппесін дәріптеуге шақырды.
Жас жеткіншектеріміз мамандарға көкейтесті сұрақтарын қойып, пікір алмасып, өздеріне қажетті мағлұматтар алды.














