Ұлттық ойын ұмыт қалмасын

Жалпы ойын ережесі былай, кешке жиналғандар өзара тең екі топқа бөлінеді. Олар қаз-қатар қол ұстасып, құлаштарын керіп, арасы бір-бірінен 15-20 қадам қарама-қарсы екі сызықтың бойында тізіліп тұрады. Екі жақтың ойыншылары орталарынан бір-бір жігіттен бөліп, ойын басқаруды соларға тапсырады. Содан соң бір топтың кезек алған ойыншылары бар-лығы бір дауыспен өлеңдетіп:
– Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақтерек пен көктерек
Бізден саған кім керек?, – десе, екінші топтың ойыншылары оларға былай жауап қайтарады:
– Айгөлек-ау, айгөлек,
Айдың жүзі дөңгелек.
Теміршіден дем шығар,
Үзеңгіден тер шығар.
Ақтерек пен көктерек,
Бізге мұнда Арай керек, – дейді.
Осы аты аталған ойыншы жүгірген бетімен шақырған қарсы қатардағы ойыншылардың біреуінің арасынан келіп қолдарына бұзып өтуі керек. Егер бұзып өте алмай қалса, онда қарсы жақтык қатарында қалады, ал бұзып өткен жағдайда сол екі ойыншының қай ұнатқанын өз тобына алып кері кетеді. Осылайша екі топтың біреуінің ойыншылары таусылғанша ойнай береді, болмаса белгіленген уакыт аралығында қай топтың ойыншылары көп болса, сол жағы жеңіске жетті деп есептелінеді.
Соңғы уақытта айгөлек те ұмыт бола бастады. Оның орнын қалтафондағы сан мыңдаған ойындар басқан. Осы секілді ұлттық ойындарды жаңғырту әрбіріміздің міндетіміз. Өйткені сол арқылы бойымызға рухани азық жинаймыз.
Дайындаған
Серік АҚМЫРЗА