Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді елімізде қасқыр аулауға болмайды

Енді елімізде қасқыр аулауға болмайды

Фото: ©Pixabay.com
Қазақстанда биыл қасқыр мен түлкі атуға берілген барлық рұқсат толық игерілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Сенат депутаты Қайрат Тастекеевке жолдаған ресми жауабында бұл туралы нақты деректер келтірілген.
Биологиялық негіздемеге сәйкес, 2025 жылға Қазақстан аумағында қасқыр ату лимиті – 5504, ал түлкі ату лимиті – 10573 болып бекітілген. Қазіргі таңда бұл көрсеткіштер толығымен орындалды, – делінген вице-премьердің хатында.
Сонымен қатар құжатта аңшылық ережелеріне сай ерекше жағдайлар қарастырылғаны айтылған. Мәселен, жануарлар дүниесін қорғау ісінде немесе аңшылық шаруашылықтарының аумағында басқа аң түрлеріне рұқсат берілген кезде, қасқыр мен қорқау қасқырды арнайы рұқсатсыз атуға мүмкіндік бар.
Ал қоңыр аюға қатысты – Аң аулау қағидаларының 11-қосымшасына сәйкес, егер адам өміріне немесе денсаулығына қауіп төнсе, не болмаса материалдық залал келсе, уәкілетті органның мамандары мен жергілікті билік өкілдері аюды аңшылық маусымына қарамастан атуға рұқсат ете алады.
Роман Скляр атап өткендей, аңшылық квоталары мен лимиттер «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заң аясында реттеледі.
Лимиттер мамандандырылған ғылыми ұйымдар әзірлейтін биологиялық негіздемелерге сүйеніп бекітіледі, ал олардың орындалуын Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар бақылауда ұстайды.
04 қараша 2025 ж. 129 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930