Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыз алып қашумен айналысқан 15 адам ұсталды

Қыз алып қашумен айналысқан 15 адам ұсталды

Қыз алып қашумен айналысқан 15 адам ұсталдыЖИ / ulysmedia.kz
Биыл 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске «Неке қиюға мәжбүрлеу» деп аталатын жаңа 125-1-бап енгізілді. Оған сәйкес, адамды неке қиюға мәжбүрлеу мақсатында ұрлау, сондай-ақ неке қиюға немесе бірге тұруға итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ
Енді мұндай әрекеттер ауыр қылмыс ретінде қаралады: кінәлі адам жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал ауырлататын жағдайлар болған кезде жаза мерзімі он жылға дейін ұлғаяды.
Бұған дейін жәбірленушіні өз еркімен босатқан жағдайда жазадан босатуға мүмкіндік беретін норма болған еді. Енді бұл ереже күшін жойды — жазалау жәбірленуші босатылғанына қарамастан қолданылады.
Ішкі істер органдары хабарлағандай, түзетулер күшіне енген сәттен бастап Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында неке қиюға мәжбүрлеу фактілері бойынша жеті қылмыстық іс қозғалған.
Тексеру барысында 15 адам ұсталып, әр іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, қылмыстардың барлық мән-жайы анықталуда.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды зорлық-зомбылық пен неке қиюға мәжбүрлеу жағдайларына бейжай қарамауға және мұндай фактілер туралы дереу 102 нөміріне хабарлауға шақырды.
04 қараша 2025 ж. 127 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930