Ел азаматтарына 1414 атынан әрекет ететін алаяқтар туралы ескертілді
Сурет: pexels2025 жылғы 4 қарашада "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (ҰАТ) баспасөз қызметі қазақстандықтарға жүгініп, маңызды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ел азаматтарына 1414 атынан әрекет ететін алаяқтар бары еске салынады.
"Соңғы кезде пошта, банк, байланыс операторы, мемлекеттік орган, техникалық қолдау немесе курьер қызметінің қызметкерлері ретінде өздерін таныстыратын және 1414 атынан әрекет ететін алаяқтар көбейіп кетті. Олар сіздің жеке деректеріңіз бен телефоныңызға қол жеткізуді көздейді".
"ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі
Сіздің білуіңіз керек маңызды ақпарат:
1414-тен келген SMS-код пен ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға беруге болмайды;
күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
бейтаныс адамдардың өтінішімен бөгде қосымшаларды орнатпаңыз;
күмәндансаңыз — 1414 байланыс орталығына қайта хабарласыңыз.
Пайдалы байланыстар:
1414 – байланыс орталық.
102 – полицияға алаяқтық туралы хабарлау.
"Маңызды: Біз бизнес-аккаунттарды пайдаланбаймыз және мессенджерлерде (WhatsApp, Signal, Viber және т.б.) қолданушыларға хабарлама жібермейміз. Деректеріңізді қорғаңыз. Тек ресми дереккөздерге сеніңіз".
"ҰАТ" АҚ баспасөз қызметі
Бұған дейін Астанада өтірік "пәтер сатамын" деп 42 адамды алдаған күдікті ұсталғанын жазғанбыз.









