Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 25 пайызға өскен

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 25 пайызға өскен

Өткен айда азық-түлік тауарлары - 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 1,3%, ақылы қызметтер - 0,5%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, азық-түлік арасында көкөніс бағасы айтарлықтай өскен, желтоқсанда қияр 35,6%, қызанақ 14,6%, тәтті бұрыш 8,4%, пияз 7,9%, қызылша 3,8% қымбаттады.

Құмшекер 3,8%, лимон 0,9% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде желтоқсан айында техника бағасы айтарлықтай жоғарылаған.

Мәселен, 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда сымсыз құлаққаптар – 7,7%, планшет – 6,3%, электрлі жылытқыштар – 6,1%, ноутбук – 3,7% қымбаттады.

Ыдыс жууға арналған құралдардың бағасы 4,5%, кір жуғыш ұнтақтікі 4% өсті.

Өткен айда ақылы қызметтердің бағасы 0,5% өсті. Туристердің медициналық сақтандыру қызметі 7,3%, көлік жуу қызметі 3,8% қымбаттады.

Коммуналдық қызметтер бойынша тарифтердің төмендеуі орталықтан жылыту (1 гКал) мен ыстық суға (1 м3) байқалды – әрқайсысы 0,4%-дан.

Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай және Жамбыл облыстарында тіркелді – әрқайсысында 1,9%-дан (республикалық орташа деңгейден 0,7 п.т. жоғары), ең төмені Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында – әрқайсысында 0,7%-дан.

Өңірлер бөлінісінде азық-түлік тауарлары Қостанай және Жамбыл облыстарында ең көп өсті – 2,5%-дан, азық-түлікке жатпайтын тауарлар Қостанай облысында – 2,2%, ақылы қызметтер Жетісу облысында – 1,7%.

Сонымен қатар 2022 жылғы желтоқсанда жылдық мәнде инфляция деңгейі 20,3% құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы 25,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 19,4%-ға, ақылы қызметтер 14,1%-ға өсті.

2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант 92,7%, кір сабын 87,6%-ға, кеңсе тауарлары 70,3% қымбаттады.

Керісінше, жылдық мәнде сұйытылған газ (баллондарда) – 23%-ға, қырыққабат 15,2%-ға арзандады.

2022 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағасының индексін жасау кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 40,7%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 30,2%, ақылы қызметтердікі 29,1% құрайды.
04 қаңтар 2023 ж. 828 0

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 47

Себет доп бәсекесі

21 қаңтар 2025 ж. 81

Ұшпа доптың ұшқырлары

21 қаңтар 2025 ж. 132

Болмыстағы баскетбол

21 қаңтар 2025 ж. 74

EXPORT-тағы бәсіміз қалай?

21 қаңтар 2025 ж. 70

Әр ісі үлгі көп жасқа

21 қаңтар 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031