Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобилография: Жаңа тренд, ерекше бағыт

Мобилография: Жаңа тренд, ерекше бағыт

Несін жасырамыз, осыдан біраз жыл бұрын қабілет-қарымың болғанымен, қызығушылық танытқан ісіңмен айналысып қыруар қаражат табу арман еді. Ал қазіргі мамандық бойынша екі қолға бір күрек таппағанмен, қалауын тапсаң қар да жанады. Өйткені нарықтың сұранысы креативті контент салып, бейнежазбаға жан бітіре алатын қабілетті және еңбекқор жандардың қызметіне тәуелді. Кәсібін дөңгелеткісі келетіндер мен көпшілікке танымалдығын арттыруды көздейтіндер мобилограф пен моушн-дизайнерлердің жұмысы үшін ай сайын қомақты ақша ұсынудан аянбайды.
Арман Келдібаев – бүгінгінің трендіне айналған мобилаграфияны меңгерген жас маманның бірі. Бүгінде халық сұранысының дені визуал мен видео-контентке артып жатқанын байқаған ол Қазалы аудандық ­Жастар ресурстық орталығында қызмет етіп жүріп, мобилографияны өз бетінше меңгереді, жемісін көреді.
– Менің жұмысым – түсірілген әр түрлі кадрдағы роликтен толық бейнежазба жасап шығу. Ал ол үшін әуелден алған түсірілім дұрыс болуы шарт. Әйтпесе, барлығы ойдағыдай болмайды. Яғни, қазір оператор да, сценарист те, монтажер де өзім. «Білетінім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз» демекші, әлі де білмейтінім көп. Алға жылжып, тек даму үстіндемін. Сәт сайын жаңа трендке сай дизайн жарыққа шығады. Сол үшін қазіргі заман талабыннан қалыс қалмай, дамып отыру керек, – дейді мобилограф.
Кәсіби фотоаппараттың көмегінсіз-ақ, сандық камерасы бар электронды құрылғыларды қолдану арқылы сапалы бейне дайындайтын мобилографтарға да сұраныс артып отыр. Қалта телефонмен сапалы видео түсіріп, оны монтаждаудың қыр-сырын меңгергендер де молынан ақша табудың маманына айналды. Өйткені қазір көптеген клипмэйкер, әнші мен әртіс, ол түгілі кәсіпкерлердің өзі бұл саланың мамандарына тәуелді. Тіпті Ақорда, облыс, аудан әкімдіктерінде де аталған сала маманы тапшы.
Қазіргі таңда кейіпкеріміз аудан әкімінің мобилографы қызметінде. Қазалы аудан әкімдігінің парақшасында жарияланатын әртүрлі мерекелік не ресми жиындардың жарқыраған бейнесін байқаған боларсыз, ол «шедевр» кейіпкеріміз Арманның қолынан шығатын туындылар.
– Бірнеше жыл бұрын маман тапшылығына орай аудан әкімдігіне мобилограф маманы болып орналастым. Осы уақытқа дейін көптеген ел ағаларымен танысып, мобилография бойынша бірнеше жұмыстарды да атқардық. Жалпы бұл саланы игерген маманға көптеген есіктер ашылады. Өйткені қазіргі таңда үлкен камералардың дәуірі жыл өткен сайын ескіріп жатыр. Байқасаңыздар, қазір әлеуметтік желінің дамыған заманында блогерлер көбейді. Ал сол блогерлердің қайсыбіріне болмасын мобилограф керек. Одан бөлек, мемлекеттік қызметкерлердің де жеке өз мобилографтары бар. Өмірдің кез келген сәтін таспалап, желі де бөлісу сәнге айналғалы да біраз жыл болды. Жалпы, телефон арқылы кино түсіретін дәрежеге де жетіп жатырмыз. Меніңше, мобилография саласы тағы 1-2 жылда университет қабырғаларында жеке мамандық ретінде оқытылады деп ойлаймын, – дейді Арман Бауыржанұлы.
Байқасақ, күнделікті өміріміздің қалыпты элементіне айналған әлеуметтік желі заманның талабына сай жаңа кәсіп иелерінің шығуына түрткі болып отыр. «Еңбегі жанғанның қозысы егіз туады» деген осы болса керек. Бастысы, қолдан келіп тұрса, бүгінгі заманда санаңда артық білім, қалтаңда артық ақша жүргеннің әбестігі жоқ.

Серік АҚМЫРЗА
10 тамыз 2024 ж. 382 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031