Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бағдарлама игілігі – баршаға

Бағдарлама игілігі – баршаға

Әйтеке би кентінің орталығында түрлі нысандар жаңадан бой көтеріп, сауда, қолөнер, кондитерлік өнім әзірлеу ісі  дамып келеді.
Мемлекеттік грант негізінде қайтарымсыз қаражат алған қазалылықтар бүгінде өз істерін дөңгелетіп, нәпақасын тауып отыр. Мал шаруашылығына қызығушылық танытқандар да бар.
Солардың бірі – жаңадан кәсібін бастаған Айбосын Төлемісұлы өтеусіз қаржының арқасында темір бұйымдарын жасайтын шеберхананы қолға алды. Шағын және орта бизнесті дамыту аясында беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың, жұмыссыз жандарға, әсіресе қолынан өнер тамған, бірақ қаржы тапшылығы қолбайлау болғандарға пайдасы зор. Соңғы жылдары беріліп жатқан қайтарымсыз грант талай азаматтың шабытын шыңдады. 42 жастағы Айбосын әу бастан электрмен дәнекерлеуге ебі бар, ағаштан түйін түйіп, бұйым жасауға бейім жігіт болды. Шамасының келгенінше той-жиындарға арналған безендіру бұйымдары мен темір есіктер жасап жүрген. Дегенмен кәсібін одан әрі дөңгелеткісі келсе де, ірі бұйымдар дайындауға қажетті құрал-жабдықтарға қолы жетпеді. Осылайша мемлекеттен қайтарымсыз ақша беріліп жатқаны туралы ақпараттанады.
Ол қайтарымсыз мемлекеттік грантқа құжат өткізіп, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 583400 теңге көлеміндегі қаржыға қол жеткізеді.
“Алған қаржыма темірден түйін түюге қажетті құрал-жабдықтар сатып алдым. Өткен жылы жұмысымды бастап кеттім. Бүгінде ауламда тұрғындардан түскен тапсырысты орындаудамын. Кез келген тұтынушы тапсырысын заманауи үлгіде түрлі ою-өрнектермен безендіріп есік жасап, орнатамын. Терезе сыртына темір тор, есік алдына темірден қоршау, сәкі және тағы басқа да өнімдерді өндіремін. Тапсырыс берушінің қалауынша қажетті материалынан талғамына орай бұйымды түрлі дизайнда әзірлеймін. Мұндай бағдарламаның тиімділігі мол. Қаражат қол байлау болғандарға жанына жақын ісін ашуға мүмкіндік береді”, – дейді Айбосын Орынбаев.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

26 ақпан 2022 ж. 395 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 57

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930