Вагоншылар – мәртебелі мамандық
Жігіттері елестетер нағызды.
Теміржолдың қызметі білгенге.
Тынымы жоқ күретамыр тәрізді.
Күдіктерге көкіректі толтырар,
Қай істің де қиындығы мол шығар.
Бірақ талай ерлерінен еңбектің,
Ерекше ғой біздің теміржолшылар.
Қадір тұтып, жауаптылық, парызды,
Жылда асыға күтеміз біз тамызды.
Жыл жемісін таразыға тартамыз,
Хан көтеріп марапаттап нағызды.
Ширықтырып қатал тәртіп темірдей,
Аз-маз күнгі тыныштыққа семірмей.
Күні-түні жүретіндер біздерміз,
Қауіпсіздік күзетінде көз ілмей.
Жүк таситын, жолаушы әрі мінетін,
Жүз шақырым сағатында жүретін.
Су жаңа ғып біз жөндейтін вагонды,
Шығарсыздар бәріңіз де білетін.
Он саусақтан төгілетін өнері,
Жасай алар ғарыштық та кемені.
Халқымыздың алғысына бөленген,
Біздерміз шын вагон жөндеу шебері.
Ел байлығын тасымалдап вагонмен,
Қатынасты орнатамыз әр елмен.
Маманымыз Жаңа Қазақстанның,
Отыз елдің қатарына теңелген.
Локомотивті алдымызға салып біз,
Пойыз болып арқырайтын алыппыз.
Сол пойыздың дәрігері секілді,
Ақауларын да емдейтұғын халықпыз.
Бұлжытпайтын теміржолдың жарғысын,
Аямайтын Отаны үшін бар күшін.
Вагоншылар мәртебелі мамандық,
Алып жүрген халқымыздың алғысын.
Қырағы көз, қолында кілт, балғасы,
О, ағайын, бізді мынау аңдашы.
Тізгініміз – пойыз ауіпсіздігі,
Қолымызда қозғалыстың жалғасы.
Ерқосай ҚАБЫЛОВ,
Құрметті теміржолшы