Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерліктің куәгері – ұлт мұрасы

Ерліктің куәгері – ұлт мұрасы

18 мамыр – Халықаралық музейлер күні Қазалы ауданы тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше жаңалығымен есте қалды. Қазақ тарихында өшпес із қалдырған қаһарман тұлға, даңқты батыр, дарабоз қолбасшы Жанқожа Нұрмұхамедұлының семсері Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейіне ресми түрде табысталды. «Рух пен тарих тоғысқан күн» деп үлкен әсер алған көрермен тәбәрік туындының ұрпаққа насихатталуын жақсылыққа жорыды.
Мұрағат саласының кәсіби күніне орай дәстүрлі «Музейге сый» акциясы биыл да жалғасын тапты.
«Халқымыздың еркіндігі жолында жанын пида еткен Жанқожа батырдың есімі – қайсарлық пен батырлықтың символы. Сондықтан да оның ұстаған қаруының музей қорына алынуы – тек жәдігердің ауысуы емес, ұлттық рухтың жаңғыруы, өткен тарихтың бүгінгі ұрпаққа аманатталуы», – деді шара шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов. Өз сөзінде Дәурен Оңғарбайұлы бұл оқиғаның өңірдің мәдени өмірі мен жастар тәрбиесі үшін маңызы зор екенін жеткізді.
Тұрақты түрде өткізілетін, халықтың қолында сақталған тарихи маңызы бар құнды дүниелерді музей қорына жинауды көздейтін жалпыұлттық мәдени акция мақсаты ел ішіндегі жәдігерлерді шаң басып жоғалып кетуден сақтап, оларды мемлекеттік қорға өткізу арқылы болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыру. Бұл туралы музей директоры Әзілхан Мақсатбаев атап өтті.
«Музейге сый» көптеген отбасыларда сақталуы кезінде бастапқы жағдайынан алшақтаған бабалардан қалған көне қару-жарақтар, зергерлік бұйымдар, сирек кездесетін кітаптар, тұрмыстық заттарға мамандар тарпынан күтім жасап, тиісті температурада сақтап, оларға «екінші өмір» сыйлауға мүмкіндік береді.
Акция аясында тапсырылған заттар ғылыми айналымға енеді. Заттай мұралар қатарына қосылған Жанқожа батырдың семсері енді тек «отбасылық жәдігер» емес, ұлттық маңызы бар тарихи нысанға айналды. Оны ғалымдар зерттейді, тарихшылар сипаттайды.
Бұл акция «Музей – халықтың ортақ қазынасы» деген ұстанымды қалыптастырып, жұмыс ауқымын кеңейтуде.
Осы уақытқа дейін батыр бабаның ұрпағы Еркін Сағадиновтің сандығында сақталып келген бұл құнды мұраны музейге батыр ұрпағы Күнберген Елдесбайұлы өз қолымен табыстады. Бұл қадам – «Музейге сый» акциясының аясында жасалған ең игі істердің бірі болды.
«Жанқожа батырдың семсері сияқты бірегей дүниелер жеке адамның қолында немесе жекелеген орындарда тұрса, оны тек санаулы адам ғана біледі. Ал музейге тапсырылу арқылы бүкіл халықтың игілігіне айналады. Бұл – патриотизмнің және өткенге деген құрметтің нақты көрінісі», – деген аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш батыр бабаның ғибратты өмірі мен ел қорғаудағы ерен ерліктеріне тоқталып, жиналған қауымның тарихи танымын кеңейте түсті.
Мәдениет саласының ардагері, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Болат Жолтаев үш хандықпен соғысқан бірегей тұлғаның тарихтағы орны туралы сөз етіп, семсердің шығу тарихына қатысты құнды деректермен бөлісті. Оның айтуынша, бұл қаруды ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орынбор генерал-губернаторы, граф Василий Алексеевич Перовский Жанқожа батырдың тұлғасына, оның саяси салмағы мен беделіне аса ризашылық білдіре отырып сыйға тартқан.
Жәдігердің сипаттамасы туралы өлкетану музейінің ғылыми қызметкері Жанат Тілеуқабыл таныстырды.
«Ресей империясының әскері үшін 1834-1848 жылдары шығарылған қару әйгілі «Златоуст» қару-жарақ фабрикасында дайындалған.
Жалпы ұзындығы – 66 сантиметр болса, сабы – 14 сантиметр, жүзі – 52 сантиметр, ені – 4 сантиметр.
Ерекшелігі, жүзіне ені 1,5 сантиметр болатын арнайы «дола» салынған».
Шара соңында еңбек ардагері Жақсылық Көрпебав ақ батасын беріп, ел амандығы мен жұрт тыныштығын тіледі.
Музей төрінен орын алған бұл семсер – тек қару ғана емес, ол – ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы күресінің тірі куәгері, ұлттық намысымыздың қайралған жүзі. Ендігі кезекте бұл жәдігер музейге келушілерге, әсіресе өскелең ұрпаққа батырлық мектебінің үлгісі ретінде қызмет етпек.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
23 мамыр 2026 ж. 14 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 12

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 20

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 20

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031