Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы отбасының табысты қадамы

Көпбалалы отбасының табысты қадамы

«Ауыл аманаты» бағдарламасы – Қазақстанның ауылдық аймақтарын дамытуға бағытталған мемлекеттік жоба. Осыдан үш жыл бұрын Қазақстан үкіметі тарапынан ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталады.
Жобаның мақсаты – ауылдық елді мекендердің экономикалық әлеуетін дамыту арқылы ауылдағы жұмыссыздықты азайту мен халықтың табысын арттыру және агроөнеркәсіптік кешенді нығайту. Бағдарламаның негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық өндірісін дамыту мен «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру.
Өз бизнесін ашқысы келетіндердің жылдық 2,5 пайызбен 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін, ең көп несие сомасымен ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда – 2,5 мың АЕК, 8 мың АЕК-ке дейін несие алу мүмкіндігі бар.
Рәсімдердің ашықтығы үшін микрокредиттеудің ақпараттық жүйесі әзірленді. Микрокредиттеудің жаңа ақпараттық жүйесі бизнесті онлайн режимінде ашу үшін жеңілдікті несиелер алуға өтініш беруге мүмкіндік береді. Қызығушылық танытқан болсаңыз ақпарат бойынша «Қазалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі» және ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдіктеріне жүгінуге болады.
Осындай мемлекет ұсынып отырған мүмкіндікті қалт жібермеген аудан тұрғындары жеткілікті. Солардың қатарында бүгінде жылыжай ашуға құлшынысы жоғары жандар баршылық. Соның бірі – Қазалы қаласының тумасы Ерболат Ертайұлы. Құдай қосқан қосағы Келіс екеуі қосымша кәсіпті қолға алуды мақсат тұтып, жылыжаймен айналысуға қызығушылықтары оянады. Табиғи өнім, аса ауыр салмақ салмайды, тек күтіп-баптауы келіссе болғаны. Осылайша ерлі-зайыптылар екі ай құжат әзірлеп, 9,6 миллион теңге қаржы алды. Оған жылыжай мен өнімдерді егуге қажетті құрал-жабдықтарын иемденді.
***соңы 2-бетте
«Алғашында жолдасым екеумізде жылыжай егіп, шағын бизнес бастасақ па деген идея болды. Сосын интернеттен жылыжайларды қарай бастадық. Қай жерде, қай қалада, қандай жылыжай арзан екенін бақылап шықтық. Сосын күйеуім Алматыдан жылыжайды нақты тапты. Содан соң өзіміздің аудандағы «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша әкімдікке бардық. Ондағы қызметкерлермен ойластық. Олар бізге жолдарын түсіндірді, құжаттардың тізімін берді. Сол арқылы бизнес-жоспарымызды дайындап, комиссияға көрсеттік. Комиссия құрамы мақұлдады. Екі үйді кепілге қойған соң әрі қарай жұмысымыз оңға басты. Ақшаны алғаннан кейін жылыжайдың астына іргетас құйдық. Жылыжай дайын құрылғы ретінде келді. Соны жолдасым өзі құрып, жасады», – дейді Келіс Маждәулетқызы.
Келістің айтуынша, өзі Қазалы агро колледжде биология пәнінің мұғалімі екен. Жолдасы Ерболат Қазалы орман шаруашылығының қызметкері. Сондықтан жылыжайды өсіп-өркендету оларға аса қиынға соқпады. Ойласа келе қалған қаражатқа арнайы маман шақыртып, цестерна жер асты сулары қазылған моторымен бірге тамшылатып суару жүйесін қосқызған. Электр энергиясын да қоса жасатқан. Сәуірде егілген қиярдан жеміс алып, алғашқы өнімін халыққа ұсынып үлгерді.
Бұнымен қоса қазіргі сұраныстағы салат жапырағы мен құлпынайды да еккен болатын. Дегенмен құлпынай әзірге бой көтермеді дегенді алға тартты жастар. Күш-қуаты бойларында тасып тұрған ерлі-зайыптылардың алға қойған мақсаттары да жоқ емес. Олар алдағы уақытта жылыжайға жылу жүргізуді де жоспарлап отыр. Сонымен бірге соңғы кезде құлпынайға сұраныс артқандықтан аспалы етіп егу жолдарын қарастыруда. Іс оңынан асып жатса, осы істі дамытқысы келеді.
Ерболат Ертайұлының айтуынша, бүгінде аула ішіндегі шағын жылыжай көлемі 6/20 метрді құрап тұр. Тіл-көзден аман болып, жемісі мол болғанын тілеген жастар өздерінің қолданғанынан бөлек осы кезде біршама өнімін саудалап үлгерді. Үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ата-ана үшін бұл алғашқы қуанышты жетістігі. Көпбалалы отбасы алдағы уақытта тоқтап қалмай, жылыжай өнімдерін көбейтіп, дамытуды көздеп отыр. Біз де оларға мол өнім алуды тіледік.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
23 мамыр 2026 ж. 22 0

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 18

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 19

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031