Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ішінде душы бар, мүгедектерге жағдай жасалған жаңа вагондар қай бағытта қатынайды

Ішінде душы бар, мүгедектерге жағдай жасалған жаңа вагондар қай бағытта қатынайды

Бүгін Астанада елімізде шығарылған 50 вагон таныстырылды, деп хабарлайды inform.kz.
«Еліміздің пойыз паркінде 2500 вагон бар. Бүгін құрам тағы 50 жаңа вагонмен толығып жатыр. Вагондар өз елімізде жасалған, «ЗИКСТО» АҚ (Петропавл) өнімі. Осы қыркүйекте тағы 100 вагон сатып аламыз, ал келесі жылы жаңа вагондардың қатарын 157-ге апармақпыз. Тағы бір айта кететіні, отандық өнімге мән беріп отырмыз. 2025 жылы «Штадлер Қазақстан» швейцариялық компаниясы өз өнімдерін шығара бастайды. Бес жылдың ішінде 537 вагон шығару жоспары бар», - деді Көлік комитетінің төрағасы Әли Алтай жаңа вагондарды қабылдау барысында.
Оның мәліметінше, «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагондарының 49% тозған. Сондай-ақ, спикер қолданысқа берілгеніне 40 жыл болған вагондар барын айтты.
«Жаңа вагондар заманауи әрі ыңғайлы. Қажетті жағдай жасалған. Әр вагонда душ, желдеткіш (кондиционер) және мүгедек жандарға бөлек орын мен жүріп-тұруына жағдай бар», - дейді комитет басшысы.
Айта кетейік, бүгін елордаға отандық «ЗИКСТО» зауытының заманауи плацкарт және купе жолаушылар вагондарының бірінші партиясы жеткізілді.
Жаңа 50 вагон Қарағанды - Жезқазған, Атырау - Маңғыстау, Атырау — Ақтөбе бағыттарында қатынайды.
Бұған дейін елімізде 654 ескі вагон жолаушы тасымалдап жүргенін хабарлаған едік.

11 қыркүйек 2023 ж. 285 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 578

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 023

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031