Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы

Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы

Жапонияда жылдамдығы мен техникалық сипаттамалары кез келген адамды таңқалдыратын жаңа пойыз шығарылды.
N700S Passenger Express жолаушылар пойызы — Tokaido Shinkansen теміржолында соңғы 13 жылда мұндай деңгейге дейін жетілдірілген аэродинамикалық көрсеткіштерге ие жалғыз пойыз. Ол сағатына 360 шақырым жылдамдықпен қозғала алады. Алайда орташа жылдамдығы сағатына 285 шақырым.
Жаңартылған интерьермен қоса, N700S литий-ионды батареямен жабдықталған. Ол жер сілкінісі сияқты электр қуаты күрт ауытқитын аса қауіпті жағдайда пойыздың жылдамдығын автоматты түрде бәсеңдетуді жүзеге асырады.
Жаңа пойыз көпшілікке 2020 жылы Токио Олимпиадасы кезінде таныстырылуы керек еді, бірақ ойындар коронавирус пандемиясына байланысты 2021 жылға ауыстырылды. Осыған байланысты пойызды таныстыру шарадан тыс өткізілді.
Естеріңізде болса, аталған пойыз жүретін Tokaido Shinkansen теміржолы 1964 жылы Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары кезінде ашылған болатын. Содан кейін әлемдегі алғашқы жүрдек пойыз таныстырылды. Жаңа модель алғашқы сапарында Токио мен Осаканың ортасынан жүріп өткен.
"Бұл қай-қай жағынан алып қарасаңыз да әлемдегі ең керемет пойыз екеніне сенімдімін", - деді ашылу салтанатында сөз алған Central Japan Railway Co компаниясының президенті Cин Канеко.
massaget.kz
10 шілде 2020 ж. 1 444 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 58

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930