Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Конгода Эбола жұқтырған алты науқас емдеу орталығынан қашып кеткен

Конгода Эбола жұқтырған алты науқас емдеу орталығынан қашып кеткен

Эболаға шалдыққан науқастар емдеу орталығы өртенгеннен кейін қашып кеткен, елде вирус құрбандарының саны артып жатыр.
Фото: pixabay.com
Конго Демократиялық Республикасында төтенше жағдай болды: жергілікті тұрғындар Эбола безгегін емдейтін орталықты өртеп жібергеннен кейін алты науқас медициналық мекемеден қашып кеткен.
Мәліметке сәйкес, елдің солтүстік-шығысындағы Рвампара қаласында орналасқан орталықта Эболаның ауыр сатысындағы науқас жатқан.
Бұл туралы Actualité басылымы жазды. Ол медициналық мекемеге түскеннен кейін көз жұмған. Марқұмның туыстары мәйітті беруді талап еткен, алайда дәрігерлер індет тарау қаупін айтып, бас тартқан. Осыдан кейін туыстары ALIMA үкіметтік емес ұйымы ашқан кешенді, оның ішінде шатырлар мен медициналық жабдықтарды өртеп жіберген.
Оқиға болған сәтте орталықта алты науқас ем алып жатқан: үшеуінде Эбола диагнозы расталған, тағы үшеуінде вирусқа күдік болған... Олар қашып кетті, – деп жазады басылым.
Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасы мен Угандадағы Эбола індетін басқа елдерге де қауіп төндіретін төтенше жағдай деп танығаны айтылды.
Конго билігінің соңғы дерегіне сәйкес, елде вирус салдарынан 131 адам қайтыс болған.
23 мамыр 2026 ж. 289 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031