Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бұл өңірлерде баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігеді
Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com
2026 жылдың 23 мамырында Орал және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болады деп күтілуде. Мамандардың мәліметінше, бұл өңірлерде атмосфералық ауаның сапасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.
Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:
1.Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.
2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.
3.Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.



23 мамыр 2026 ж. 9 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 128

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 126

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031