Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сессия: Қордаланған мәселе қандай?

Сессия: Қордаланған мәселе қандай?

Жыл басында аудан бюджеті 10 миллиард 503,2 миллион теңге көлемінде бекітілген болатын. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІV сессиясында бұл көрсеткіш 16 миллиард 100,8 миллион теңгеге нақтыланып, өз кірістеріміз жыл басынан бері 565 миллион теңгеге ұлғайтылып, 3 миллиард 045 миллион теңгені құрады.
Сессияға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет, аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдіктің дербес бөлімдер басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әлмәмбетұлы төрағалық етті. Ал сессияның күн тәртібінде бес мәселе қаралды.
Аудандық бюджетке енгізілген өзгерістер бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Бахытжан Жарылқап хабарлама жасап, жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді депутаттар назарына жеткізді.
Республикалық, облыстық бюджеттен Қазалы қаласы мен Мұратбаев, Басықара, Пірімов, Жалаңтөс батыр дәрігерлік амбулаториясын газдандыруға барлығы 205118 мың теңге, Қазалы аграрлы техникалық коллледжін газдандыруға 12 764 мың теңге, Қазалы аудандық көпбейінді орталық ауруханасының II ғимаратының жылу қазандығын қайта жаңғыртуға 94 575 мың теңге, Абай елді мекенінде орамішілік газ желілерінің құрылысына 281 056 мың теңге, Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Ү.Түктібаев елді мекендеріне тартылатын газ құбырын салуға 1 235 202 мың теңге, Ақтан батыр елді мекеніндегі орамішілік газ желілерінің құрылысына 325 929 мың теңге бөлінді. Әйтеке би кентінен «Руханият» орталығы құрылысын салуға 876 754,5 мың теңге (50 пайыз қаржысы), Әйтеке би кентінен прокуратура ғимаратын салуға 100 000 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, аудандық бюджеттің өз кірістерін ұлғайту есебінен 466 772 мың теңге бөлініп, қала кент, ауылдық округ әкімдері мен әкімдіктің дербес бөлімдерінің сұраныстарына бағытталды.
Сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш табиғи газға қосылған Қазалы қаласы, Мұратбаев, Басықара, Пірімов, Жалаңтөс батыр ауылдарындағы білім беру ұйымдары мен мәдени ошақтарды газдандыру жұмыстарына жеделдетуді, Әйтеке би кентіндегі Қ.Досмамбетов, Ақтан батыр, Бейбітшілік көшелерін асфальттауды, Әйтеке би кентін абаттандыруға бөлінген қаржылардың мақсатты жұмсалуын, сатып алынатын құрылғылардың сапалы болуын жеткізді. Аудандық мәслихаттың депутаттары Әбдуәли Рахметов Әйтеке би кентіндегі 226, 234 мектеп алдына автотұрақ салу, Е.Көшербаев көшесіне (Қ.Пірімов-Үмбет би аралығы) жаяу жүргінші жолын салу, Әйтеке би кентіндегі Жәнібек батыр көшесін жөндеу, спорттық ойын алаңдарын жөндеу, Эльмира Нұрмағанбетова Әйтеке би кентіндегі 170 мектеп жанындағы арықты қоршау, К.Көшімов көшесінен салынған спорттық ойын алаң жанында қорым болғандықтан ойын алаңның темір қоршауларын биіктету, Әйтеке би кентінен сайланған аудандық мәслихат депутаттарының сайлау учаскелері бойынша көшелерді жөндеу, жарықтандыру жұмыстарына байланысты бекітілген кезектілікке сәйкес жұмыстар жүргізу, Әділбек Сарабеков Пірімов көшесіндегі Жалаңтөс батыр кесенесіне жөндеу жүргізіп, ішіне жылу орнату, Нұркен Ботабаев 5 кварталдағы Жетес би-Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысына бағдаршам орнату, Я.Михайлик көшесінің аяғынан бастап Қ.Ерімбет көшесіне дейін жаңадан жол салу, Есет Табынбаев Әйтеке би кентіндегі Әбілхайыр хан көшесін жөндеу жұмыстарын жеделдету туралы ұсыныс-пікірін ортаға салды.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылған басқа да мәселелер бойынша тиісті атқарушы орган басшылары хабарлама жасап, депутаттардың дауысқа салу нәтижесімен тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет сөз сөйлеп, сессияда бөлінген қаржылардың барлығын жыл аяғына дейін игеріп, жоспарлы орындау қажетін айтты. Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығындағы төрт жолақты жол құрылысының қаржысы шешіліп, тамыз айында жұмыстар басталатынын, жаңадан бой көтерген «Руханият» орталығының құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланғанын, Жанқожа батыр көшесін абаттандыруға қосымша 40 млн теңге бөлінгенін, (Бөріқұлақов көшесінен жаңа мәдениет орталығына дейін), «Жеңіс» саябағын абаттандыруға 50 млн теңге бөлінгенін, көлік кептелісін азайту мақсатындағы Жанқожа батыр-Бөріқұлақов көшелерінің қиылысына қосымша жол айрығын салу, жаңа бағдаршам орнату, теміржол вокзалын абаттандыру, алдағы уақытта халық жиналатын орындарға абаттандыру жұмыстары жүргізуге көңіл бөлетінін жеткізді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
30 шілде 2024 ж. 119 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031