Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 300 адамға арналған мешіт асханасы ашылды

300 адамға арналған мешіт асханасы ашылды

Қазалы қаласындағы Нұралы мешітінің жанынан көптің қолдауымен салынған 300 адамға арналған мешіт асханасы пайдалануға берілді.

Мешіт асханасының ашы­лу салтанатына аудан әкі­мінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, Жан­қожа батыр атындағы орталық мешіттің бас имамы Нұрдаулет Нәби және демеуші азаматтармен қала тұрғындары қатысты.
Игі шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов сөз сөйлеп, көпшіліктің қол­дауы мен ауызбіршілігінің арқа­сында салынған мешіт асхана­сының ашылуымен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді. Сондай-ақ асхана құрылысына белсене атсалысқан бірқатар азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов пен аудан­ның бас имамы Нұрдаулет Нәби де сөз алып, игі іске атсалысқан барша азаматқа алғысын айтты.
Алдағы уақытта мешіт асханасы тұрғындарға құдайы ас, ауызашар беру, хатым бағыштау, құран оқыту, ет тарату сынды шараларды мешіт имамдарымен бірге шариғат талаптарына сай, қателіксіз өткізуге мүмкіндік береді.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

27 шілде 2024 ж. 486 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 112

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 126

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930