Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарттарым, аман-сау жүрші...

Қарттарым, аман-сау жүрші...

Елімізде қазан айының алғашқы жұлдызы Халықаралық қарттар күні аталып өтіледі. Кеуделері шежіреге толы қариялардың парасатты пікірлері мен жас буынға берер ақыл-кеңестері қашан да қажет.
Осы орайда Әйтеке би кентіндегі 5-ші аймақ азаматтарының ұйымдастыруымен "Қарттарым, аман-сау жүрші" атты мерекелік шара өтті.
Тағылымды шараның басты мақсаты - елді бірлік пен ынтымаққа үндеп, бүгінгі жас буынды ауызбіршілікке шақырып, олардың бойына үлкенді сыйлау, құрметтеу сынды асыл қасиеттерді сіңірту болып табылады.
Әли-Мұса мешітінің алдына өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов қатысып, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелерімізге жылы лебізін арнады. Сондай-ақ, мерекелік шараны ұйымдастырушылар мен басқа да қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген азаматтарға аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың «Алғыс хатын» табыстады.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, ауыл ақсақалдары атынан Ерқосай Қабылов пен Жанұзақ Байниязов және Жанқожа батыр атындағы орталық мешіттің бас имамы Нәби Нұрдаулет сөз алып, бүгінгі жас ұрпаққа өнегелі өсиеттері мен ақыл-кеңестерін айтудан жалықпаған барша ардагерлер қауымына шынайы алғыстарын айтып, төл мерекелерімен құттықтады.
Мерекеге орай ұйымдастырылған тағылымды шара барысында арқан тарту, қол күрес, гір көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, жеңімпаздар арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
"Қазалы"ақпарат
02 қазан 2023 ж. 140 0

Ызғарлы түн

17 қыркүйек 2024 ж. 0

Шешімін тапқан шаруа көп

17 қыркүйек 2024 ж. 10

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30