Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қант қызылшасының алқабы ұлғаяды

Қазақстанда қант қызылшасының алқабы ұлғаяды

Биыл егіс алқаптарында дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың алаңы ұлғаяды. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты деп хабарлайды.stan.kz
“Биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектар болса, бұл 2022 жылғы көрсеткіштен 68,6 мың гектарға көп. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егіс алаңдарын 117 мың гектарға, азықтық дақылдар алаңдарын 36,5 мың гектарға және қант қызылшасы алаңдарын, 6,7 мың гектарға ұлғайту көзделіп отыр. Нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты мақсары, соя және қыша сияқты кейбір майлы дақылдардың алаңдары шамалы қысқаруы мүмкін”, - деді Ербол Қарашөкеев.
Министрдің сөзінше, күнбағыс сияқты әлеуметтік маңызы бар дақыл үшін алқапты 30,8 мың гектарға ұлғайту жоспарланған.
“Көкөніс, бақша және картоп бойынша егіс алқабын 11,1 мың гектарға ұлғайтылмақ. Ылғалды көп қажет ететін дақылдарға келетін болсақ, осы жылы өткен жылмен салыстырғанда мақта алаңының 14,8 мың гектарға азаюы болжанып отыр, ол - 111,4 мың гектар”, - деді Ербол Қарашөкеев.
22 ақпан 2023 ж. 461 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031