Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді

Өзбекстан Қазақстанға 4 млрд текше метрге жуық су жіберді

Фото: canva.com
Осыған дейін Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Өзбекстанмен жарты жыл ішінде Қазақстанға Сырдария өзені арқылы 3,7 млрд текше метр су жіберу туралы мәмілеге келген болатын. Нәтижесінде өзбек тарапы келісілген су көлемін 4 айда жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Суару кезеңінің соңына дейін Өзбекстан Қазақстанға тағы 1 млрд текше метр су жібереді деп күтілуде. Бұл еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі шаруалардың суармалы суға сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Шардара су қоймасында 2,6 млрд текше метр су бар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 689 млн текше метрге артық. Шардара су қоймасына жалпы көлемі 3,9 млрд текше метр су келді.

Өз кезегінде Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына 3,6 млрд текше метр су жіберілді. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда 950 млн текше метрге артық. Қызылқұм каналына 700 млн текше метр су, ал 400 млн текше метр Солтүстік Арал теңізіне жіберілді.

"Көршілерімізбен Тоқтоғұл және Бахри-Точик су қоймаларының жұмыс кестесін алдын ала келісудің нәтижесінде "Достық" мемлекетаралық каналының қазақстандық бөлігіне су тұрақты түрде келуде. Қазір аталған канал арқылы елімізге секундына 90 текше метр су келеді. Бұл Түркістан облысының шаруаларын суармалы сумен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
23 шілде 2024 ж. 200 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 253

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 251

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31