Түйіні тарқамас шаруа жоқ

Жуырда аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілептің төрағалығымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы мәжіліс өтті. Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазалы аудандық отбасын қолдау орталығының директоры Нұркен Сералиев пен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Бақытбек Абдуллаев баяндама жасады.
Баяндамашылардан кейін аппарат басшысы күн тәртібінде көтерілген мәселе бойынша сөз қозғады. Сондай-ақ аудан бойынша зорлық-зомбылық фактілеріне талдау жасау арқылы алдын алу бағытында оңтайлы әдістерді қарастыру, елді мекендердегі жайсыз отбасыларынан шыққан балаларды спорттық үйірмелерге тарту мәселесін көтерді.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат