Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы маусымда қосымша білім беру ұйымдарында 22 мыңнан астам іс-шара өткізіледі

Жазғы маусымда қосымша білім беру ұйымдарында 22 мыңнан астам іс-шара өткізіледі

Фото: Оқу ағарту министрлігі
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ақпараты бойынша, 2024 жылғы жаз айынан бастап еліміздің аймақтарында «Жаз қызығы – көңілді демалыс» тақырыбында 6 мыңнан астам іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс-шаралар қалалық флешмобтардан бастап, шығармашылық байқаулар, спорттық жарыстарды қамтыды.
Бұл шараларға еліміздің әр өңірінен барлығы 270 мыңнан астам оқушы қатысты.
Оқушылар педагогтермен және ата-аналарымен бірге шеберлік сағаттарына, мәдени бағдарламаларға қатысты. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер мен жаңа технологияларды үйреніп, жазғы уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуде.

Жалпы, 920-дан астам қосымша білім беру ұйымдарында мынадай қызықты іс-шаралар өткізілді: жаяу серуендеу және экскурсиялар:
30 мың кішкентай саяхатшы еліміздің табиғаты мен тарихи мұрасын зерттеді;
еріктілер бригадалары: 7 мың бала қарт адамдарға, кішкентай балаларға көмек көрсетті және экологиялық акцияларға, аумақтарды тазалауға, түрлі қайырымдылық шараларға қатысты;
челлендждер мен акциялар: 25 мыңнан астам қатысушы қолдау білдірді;
шығармашылық байқаулар: 34 мың бала сурет, қолөнер, музыка, би және актерлік өнерде өз таланттарын көрсетті;
танымал тұлғалармен кездесулер және спорттық жарыстар: 86 мыңнан астам бала үшін өнер қайраткерлері, спортшылар, саясаткерлер, ғалымдар шабыт пен жаңа мақсаттардың жарқын үлгісіне айналды;
пікірсайыс клубтары: 6,5 мың бала өз идеяларын жариялауды және басқалардың көзқарасын құрметтеуді үйренді;
концерттік бағдарламалар мен флешмобтар: 50 мыңнан астам қатысушы жерлестеріне жарқын мерекелік іс-шаралар сыйлады.

Айта кетейік, қосымша білім беру ұйымдарында балалардың шығармашылық жетілуіне, жеке дамуына бағытталған «Жаз қызығы – көңілді демалыс» жазғы маусымы жалғасуда.
17 шілде 2024 ж. 250 0

Азат елдің тұғыры

30 тамыз 2025 ж. 195

Ата Заң – тұғырлы тірек

30 тамыз 2025 ж. 195

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930