Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтап жатыр

Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтап жатыр

Еліміз бойынша 172 мың түлек 11 сынып бітірді
Бүгін Қазақстанда 3 млн 700 мыңнан астам оқушы оқу жылын аяқтап жатыр, деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.
«Еліміз бойынша 172 мың түлек 11 сынып бітірді, оның 6 мың 800-і «Алтын белгі» үміткерлері. Ал 9-сыныпты 288 мыңнан астам түлек тәмамадады. 1-10 сыныптар аралығындағы балардың 85,3% жазғы демалыс және сауықтырумен қамтылатын болады. Бұл – ел бойынша 2 млн 800 мың бала. Оның ішінде 500 мың жекелеген санаттағы отбасы балалары бар», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Балалар демалысын ұйымдастыру үшін қалалар сыртында 218 және мектеп жанындағы, профилдік, шатырлы 10 200 лагерь жұмыс істейтін болады.
Сонымен қатар «Этноауыл», «Жаздық жолдама» жобалары іске асырылады. Жетекші университеттер жанындағы жазғы және олимпиадалық резерв мектептері жұмыс жасайды.
«Жазғы демалыста 1 млн 400 мың бала үшін қосымша білім беру мекемелеріндегі секциялар мен үйірмелер ашылады. Ғылыми-техникалық, музыкалық, көркемдік, экологиялық, туристік және басқа да бағыттардағы 11 мың үйірме балаларды қабылдайды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ балалар «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандырумен шұғылданады, еліміздің киелі жерлеріне саяхаттап, спорттық жаттықтыру жиындарында шынығады, тілдік курстарға қатыса алады.
31 мамыр 2023 ж. 451 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930