Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділдікті ту еткен азамат

Әділдікті ту еткен азамат

«Адам өмірі мысал өлең сияқты – ұзақ­тылығымен емес, мағы­налылығымен өлшенеді» дейді Шығыс тәмсілі. Туған жеріне тамыр жайып, еңбекпен еленген жандар ел арасында жетерлік. Осындай адами, адал қасиеттерімен дараланып, айналасына абыройы арқан азамат Қожақ Есбосынұлы.

1935 жылы күз айында Қазалы ауданына қарасты сол кездегі Калинин ауылында дүниеге келген кейіпкеріміздің әкесі Есбосын Жайсаңбайұлы бойшаң, ірі денелі, көп жасаған көнекөз, ақылман қария болса, анасы Алтынкүл Аманбайқызы ісмер, сүйкімді, сабырлы, пысық кісі болыпты. Отбасындағы үшінші болып дүние есігін ашқан перзентке жақындары Қожақ деп ат таңдапты. Көне түркі тіліндегі баламасы «үлкен, зор» деген. Алайда Қожекеңнің дене тұрқы әкесіне тартып, зор болмай, анасына ұқсап орта бойлы болыпты. Алайда атына сай зор отбасының, әулеттің, ортасының үлкен тұтқасына айналады.
Қожақ бозбала шағында дүниеден өткен Кәрібоз ағасының бойындағы көріпкелдік қасиеті туралы жиі еске алады екен. Ұлы Отан соғысының ардагері, ел ағасы атанған Нұртаза ағасы, ісмер сұлу қарындасы Үрімшә туралы зор мақтанышпен айтып отыратын көрінеді. Өзінің балалық шағы солбір сұрапыл күндерге тап келгендіктен, өмір ерте есейтіп, тағдыр тауқыметін жасынан тартады. Әскери міндетін Мәскеуде өтеген ол сол уақыт аралығында, орыс тілін жақсы меңгереді.
Азаматтық борышын өтеген соң, Ресейдің теміржол училищесін слесарь мамандығына құжат тапсырады. Еңбекшілерді даярлайтын оқу орнын бітірген жас Қазалы Локомотив депосында мамандығы орналасады. Деподағы слесарьлықтан басталған жол, мастерлікпен жалғасып, аталмыш мекемеде 40 жыл абыройлы қызмет атқарады. Еңбекті сүйген ер еленіп, бірнеше рет салалық, мерекелік медальдармен марапатталады.
Жасайтынан жауапкершілікті жігіт­тің айнамас серті деп сезінген Қожақ жұмыста да «Теміржолда темірдей тәртіп» ұстанымын ту етіп, адалдықты, әділдікті, жауапкершілікті, не нәрсенің де дәл уақытында орындалуына баса назар аударатын қабілетті азық еткенін көргендер айтады. Тіпті отбасында дәл бір уақытта тамақтанып, бір уақытта ұйқыдан ояну, әркімнің өзіне бөлінген жұмыстарын тыңғылықты, уақытылы орындау әке үлгісіндегі жазылмаған заң болыпты.
Жұбайы – Әбуқызы Ағила. Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының тікелей ұрпағы. Екеуі көтерген шаңырақта он үш бала дүниеге келеді. «Алтыннан» алқа тағынғанған алтын құрсақты ана ерімен бірге 12 баланы өсіріп-тәрбиелейді. Балалары жастайынан қарашаңырақта Есбосын атасының шапанының етегіне оралып, Нұртаза, Күлай,Үрімшәдан таралған ұл-қыздардан бөлінбей, бір үйдің баласындай өсіп-өнеді.
Шаттық ұялаған шаңырақ бар тапқан-таянғанын дүние, байлыққа емес, балаларының болашағына, тәрбиесіне арнайды. Балаларды Әрбірін бөле-жармай, жақсы көріп, мейірімін төгіп, еңбекке, тәртіпке, талапшылдыққа баулиды. Кішкентайлар жұмыстан қол­дары босай қалса, кітап оқып, әкесінің домбырамен сүйемелдеуімен ән айтып, патефоннан ескі жырларды бірге жиі тыңдайды. Ұлдары Тұрлыбек, Темірбек әке ізін жалғап, болат жолы бағытында қызмет атқарса, Қыздары Нағиша, Ботагөз, Гүлсім, Лиза, Қаракөз, Кенжегүл, Алияш болса Роза, Сарагүл апаларының ізін жалғап, мұғалімдік мамандықты таңдады. Гүлзада Үрімшә апасының үлгісімен тігіншілік мамандығын меңгерсе, Шынар Нұртазаның кәсібі – бухгалтер-есепші қызметінің тұтқасын ұстаған. Қарашаңырақтағы кенже ұлы Өмірбек Нұрлыбек ағасының жанында жұмыс істейді. «Орнында бар оңалар» дегендей, бүгінде олардан 31 немере, 12 шөбере өрбуде.
Қожақ орнымен сөйлейтін, қарасөзге шешен, ақындыққа жақын, қазақы қалжыңды да орайластыра білетін ақкөңіл, балажан, бауырмал жан болған. Ол кісінің берген батасы, жазған жыр жолдары ұрпақтарының жадында жаттаулы.
2014 жылдың 20 наурызында дүние­ден озған Қожақ Есбосынұлының өнегелі өмірі, жүріп өткен жолы көпке үлгі.

Алтын МЕЙІРХАНОВА
05 шілде 2024 ж. 292 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031