Талқанбаевтар әулетіндегі тағылым
Өнегелі отбасы – елдіктің тұтқасы. Сәні мен салтанаты жарасқан, берекелі шаңырақ кім-кімге болсын үлгі. Осындай отбасылар қатарына аудандағы Талқанбаевтар әулетін жатқызуға болады. Бұл әулеттің діңгегі Сенбай Талқанбайұлы 1924 жылы дүние есігін ашқан. Ол ел басына ашаршылық төнген ауыр шаққа тұспа-тұс келген еді. Осы ашаршылықтың зарынан Сенбай әкесінен ерте айрылады. Оны анасы Үрбибі етінің тірлігі, мінезінің қайсарлығының арқасында тәрбиелеп, бейбіт күнге аман-есен жеткізеді.
Сенбай Талқанбайұлы ірі денелі, ұзын бойлы мығым кісі болған. 1943 жылы әскерге алынып, Қиыр Шығысқа жіберіліп, Забайкальеде №207 артеллерия пулемет батальонының 31-ші Даурия бекінісіне күзетке қалдырылады. Бұл жерде қару-жарақты қолданып, атыс жаттығуына машықтанады. Тәртіп қатал, аяз қатты болғанына қарамастан намысты қолдан бермей, кез келген тапсырманы мұнтаздай орындайды.
1945 жылдың күзінде жапон әскерімен соғысып, Манчжурияны азат етуге қатысады. Осы шайқаста Хайлар деген бекіністі басып алады. Осындағы жапондардың казармаларына орналасып, олардың ұдайы шабуылына тойтарыс беріп, елге 1947 жылы аман-есен оралады. Туған жерге келген соң шаңырақ көтеріп, депоға паровозға от жағушы болып жұмысқа орналасады. Кейін еңбекқорлығының арқасында машинист көмекшісі, машинист атанған. Сенбай Талқанбаев 2008 жылы дүниеден озады. Көзінің тірісінде ағайын-туыстың тірегі, отбасының ұйытқысы болған ардагер талай сый-сияпат пен құрметке ие болған.
Ол 1971 жылы “Құрметті теміржолшы” және “Құрмет белгісі” орденімен марапатталады. Сенбай Талқанбайұлы теміржол бойына 42 жыл 5 ай 28 күнін арнайды. Осы салада жүріп, 45 рет мадақталған. Сондай-ақ “Жапонияны жеңгені үшін”, “Жауынгерлік ерлігі үшін” медальдарын кеудесіне таққан. Аудандық партия комитетінің пленум мүшесі, аудандық және облыстық партия конференциясына бірнеше рет делегат ретінде қатысқан. Құдай қосқан жары Раушанмен бірге 6 бала тәрбиелеп өсірген. Ұлы Бекет Қарағандыдан кооператив институтын бітірген. Бозкөл жұмысшылар кооперациясын басқарып, кейін зайыбы Ботамен бірлесе отбасылық жеке ісін ашып кәсіпкерлікпен айналысуда. Қазір Төретам стансасында үздіксіз халыққа қызмет көрсетіп келеді. Болат пен Мұрат әке жолын жалғастырып, теміржол саласын таңдаған. Келіндері Райкүл медицина саласында тынбай еңбек етсе, Гүлнары жеке кәсіппен айналысады. Шаңыраққа ие болып қалған Қайрат жан жары Гүлшатпен бірге отбасылық кәсіпті дөңгелетіп отыр. Марқұм болған қызы Алтынкүл ұзақ жыл болат жол бойында қызмет істеді. Оның жұбайы Раушанбек Сейтенов ауданға белгілі журналист. Зейнегүлі үй шаруасында, оның жолдасы Бақыт ата жолымен теміржол саласында еңбек етеді.
Бүгінде үлкен әулеттің ардақты отанасына айналған Раушан Талқанбаева 24 немере мен 27 шөбере сүйіп отырған бақытты жан.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА