Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дүниенің есігін әуеде ашты

Дүниенің есігін әуеде ашты

Осыдан екі жыл бұрын ғарышта дүниеге келген нәресте жайлы фантастикалық фильм түсірілді. Кинотеатрларда үздіксіз көрсетілген фильм көрерменнің көңіліне ерекше әсер ете алды. Бұл – адам қиялынан туған АҚШ киногерлерінің айрықша туындысы еді. Өмірдің таңғажайыбы таусылсын ба?! Өмірде де шыр етіп бұл дүние есігін әуеде ашқан жандар бар. «Аспаннан салбырап түстің бе» деп әңгіме арасында айтылатын әзіл сөз бұл оқиғадан кейін шындыққа жанасатын тіркеске айналғандай. Эд-Даммама қаласынан Коччиге бет алған Үндістанның «Jet Airways» лайнерінің бортында жүкті әйел толғатып, сол мезетте ұшақ ішінде босанды. Әуеде дүниеге келген бұл дүниенің қонағы жарық әлем есігін аша салысымен ерекше сыйлыққа ие болды. Мұндай оқыс оқиғаға тап болған компания шақалақтың аман-есен, қол-аяғы сау болып дүниеге келгенін ескеріп, нәрестеге өмір бойы ұшақ рейстерінде тегін ұшу мүмкіндігін сыйлады. Толғақ қысқан жас анаға борттағы фельдшер мен экипаж көмектескен. «Сәбидің дауысы шыр еткенде, ұшақ жаңғырып кеткендей болды. Бұл нәрестенің жерде емес, аспанда дүниеге келуі тегін емес»,– дейді фельдшер Сара Брайн. Мұндай оқиғалар өте сирек кездеседі. Соңғы рет 2009 жылы Пенангтан Кучингке ұшып бара жатқан ұшақтың ішінде де осындай жағдай болған. Небәрі екі сағаттық ұшу кезінде дүниеге келген нәрестеге де өмір бойы ұшақпен тегін ұшу сертификаты табысталған еді.
Massaget.kz
25 сәуір 2018 ж. 2 283 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 164

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 127

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 121

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031