Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кедей адамдардың саны 1 миллионға жетті – депутат

Қазақстанда кедей адамдардың саны 1 миллионға жетті – депутат

Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі
Бүгін Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев өңірлерге сапар барысында сайлаушылар көтерген мәселелерді қозғады. Мәжілісменнің айтуынша, үкіметтен депутаттар жолдаған мыңнан астам сұрақтың басым бөлігіне сырғытпа жауаптар мен формальды ұсыныстар келген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бейсенбаев бірінші кезекте халықты бағаның өсуі, табыстың төмендігі қатты алаңдататынын атап өтті.

«Ел тұрғындарының тапқан табысының тең жартысы азық-түлікке жұмсалып, кедейшілікке тап болғандардың саны бір миллионға жуықтап қалды. Екінші, жұмыссыздық мәселесі де халықты ерекше алаңдатып отыр. Сайлаушылармен кездескенде бұл да жиі көтерілген мәселенің бірі болды. Министрлік жылына 950 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтыдық дейді. Бұл цифрға сенетін тек министрліктің өзі ғана болар. Расында, ашылған жұмыс орындарының басым бөлігі уақытша, табысы аз салаларда. Тұрақты жұмыс орындарын ашу ісі мардымсыз ұйымдастырылуда», - деп мәлімдеді депутат.

Сондай-ақ, оның айтуынша, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын баспанамен қамту проблемасының жалғасып келе жатқанына ширек ғасыр болды. Осы санатта кезекте тұрғандар саны – 640 мың адам. Жақын арада бұл көрсеткіш 1 миллионнан асуы мүмкін.

«Бұл мәселені ескертіп келе жатқанымызға үш жылдың жүзі болды. Сең қозғалар емес», - дейді Бейсенбаев.

Бұдан бөлек рі қалалардың тұрғындары саяжай алқаптары мен агломерация проблемаларын көтеріп жүр. Мысалы, Алматының іргесіндегі саяжайларда 100 мың, Астанада 50 мың, Алматы облысындағы саяжаларда 250 мың адам тұрады. Еліміз бойынша дачалық массивтерде шамамен 700 мыңнан астам адам саяжайды баспана етіп отыр, деп жалғастырды сөзін мәжілісмен.

«Бұл ертелі-кеш шешімін табуы тиіс маңызды мәселе. Өйткені саяжайдың көбі тұрақты тұратын баспана мен ірі-ірі ықшам аудандарға айналған. Ал Үкімет осы мәселе бойынша нақты шешімдер қабылдар емес», - деді Бейсенбаев.
26 маусым 2024 ж. 133 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031