Депутаттар алдындағы бірқатар міндеттер белгіленді

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, партия Төрағасы Ерлан Қошанов мемлекет пен қоғам алдында тұрған, халықты толғандырып отырған өзекті мәселелерді ашық талқылап, олардың шешу жолдарын жергілікті жерде тиісті сала басшыларымен бірлесе қарастыруды осы ретте мәслихат депутаты партияның жергілікті жердегі өкілі ретінде сайлаушыларға берген уәделеріміздің уақытында әрі сапалы орындалуын басты назарда ұстауымыз қажет екенін айрықша жеткізді.
Сондай-ақ, Ерлан Жақанұлы «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының халық алдындағы жауапкершілігі мен алдағы міндеттерін нақтылап беріп, «AMANAT» партиясы барлық игі істердің алғы шебінде жүруі тиіс екенін айтып, халық сенімінен шығу үшін, халықты толғандырып отырған барлық мәселелерді партиялық жобаларымыздың аясында шешуге күш салатынымызды айтып, басты мақсат- Мемлекет басшысының қолға алған реформаларын аяғына дейін табысты жүзеге асыруға атсалысуға шақырды.
Ардақ КӘДІР
Қазалы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы
«AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, форум делегаты