Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаты: елдің ең басты проблемасы - азық-түлік бағасының шарықтауы

Мәжіліс депутаты: елдің ең басты проблемасы - азық-түлік бағасының шарықтауы

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев азық-түлік бағасының шарықтауы, жалақы және жұмыссыздық мәселесін көтерді. Депутат сауалын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне жолдады, - деп хабарлайды tengrinews.kz.
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев азық-түлік бағасының шарықтауы, жалақы және жұмыссыздық мәселесін көтерді. Депутат сауалын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне жолдады.
Бейсенбаевтың айтуынша, дәл қазір елдің ең басты проблемасы – азық-түлік бағасының шарықтауы. Бірақ Ұлттық статистика бюросы 10 жұмыртқа – 490 теңге, айранның литрі – 390 теңге, пияз – 182 теңге, ал қияр мен қызанақ бағасын 1000 теңгенің көлемінде дейді. Ал Статистика бюросының мәліметінше 2023 жылдың наурыз айына азық-түлік бағасы шамамен 21 процентке өсіпті.
"Шындығында, мәселе одан әрі ушығып тұр. Кеше бүкіл аймақ бойынша "AMANAT" партиясының мониторингтік топтары азық-түлік бағаларын қадағалады. Нәтижесінде, пияздың бағасы 350 теңге, қияр мен қызанақ – 1600 теңге, ал жұмыртқаның бағасы 600 теңге. Яғни 1,5-2 есеге дейін, 70-100 процентке бағаның шарықтағаны байқалады", – деді.
Мәжілісмен атап өткендей, қазір дүкенге баруға қорқасың, баға күн санап өсуде. Мысалы, үш адамнан тұратын отбасы бір апталық тамағына ең кемі 40-50 мың теңгенің арасында ақша жұмсайды. Әлеуметтік жағдайы қиын, көпбалалы отбасылар туралы айтуға қысыласың.
Екіншіден, Бейсенбаев Қазақстандағы орташа жалақы 339 мың теңгені құраса, халықтың жан басына шаққандағы табысы – 166 мың теңгені құрап отырғанына тоқталды.
"Шынын айту керек, бұл цифрларға қарапайым халық сенбейді. Ең төменгі жалақы 70 мың теңгені құрайтын қоғамда, орта жалақы одан 5 есеге көп болуы мүмкін емес", – деді.
Үшіншіден, депутаттың пікірінше, соңғы 3 жыл бойы Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халықтың небәрі 4,9 проценті, яғни 450 мың адам жұмыссыз дейді. Қазақстанда жұмыссыздар статистикасы тек халықты жұмыспен қамту орталықтарына арнайы өтініш бергендердің есебінен жүргізілетіні анық. Сондықтан жұмыссыздардың көбі есептен тасады қалып қояды.
"Жастар арасындағы жұмыссыздардың саны шамамен 80 мың адамды құрайды. Осы топтадағы жұмыс істемейтін, тіпті оқымайтын "NEET" жастардың саны 380 мыңды, ал өзін-өзі жұмыспен қамтитын, тұрақты табысы жоқ жастардың саны 300 мыңнан асып жығылады. Сонда тек жас азаматтардың кемі 750 мыңы жұмыссыздар қатарында. Бұл ресми статистикалық көрсеткіштен 10 есеге көп", – деді депутат.
Бейсенбаев жалпы, Үкіметтің шешім қабылдарда жіберетін басты кемшілігі – жалған статистиканы пайдалануы екеніне тоқталып, статистика – елдегі нақты ақпарат пен шынайы көрсеткіштердің бет-бейнесі болуы тиіс екенін және нақты ақпарат берудің жаңа, әділ ережесін қалыптастыруымыз қажет екенін айтты.
27 сәуір 2023 ж. 221 0

Мен таңдаған мамандық

30 қараша 2024 ж. 54

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930