Кредитін 90 күнге кешіктіргендерді не күтіп тұр: екі айдан кейін жаңа заң күшіне енеді
Фото: © Sputnik
Елімізде несие шарттары қатаңдайды. Заң екі айдан кейін күшіне енеді. Қазір жұмысқа жарамды 9 млн адамның 6 миллионында несие бар. Ал оның ішіндегі 2 млн азамат берешегін уақытында төлемеген. Енді қарызын 90 күннен астам уақыт кешіктіргендерге кепілсіз несие беруге тыйым салынады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Ал несиесі бар жігіттер отан алдындағы борышын өтеп жүргенде және демобилизациядан кейін 2 ай бойы қарызына өсімпұл есептелмейді. Сондай-ақ отбасыларға жұбайының келісімінсіз кредит беруге тыйым салынады.
"Бұл отбасының мүддесін қорғауға және ерлі-зайыптының біреуінің ірі тұтынушылық кредиттер алуына жол бермеуді көздейді. Сондай-ақ несиеге келісім алу тәртібі агенттіктің нормативтік актісінде айқындалады", - дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мамандары.
Бұдан бөлек азаматтардың қарызын 2026 жылдың мамырына дейін коллекторларға беруге тыйым салынды. Егер клиент несиесін 24 ай бойы төлемеген болса, оның берешегіне оңтайландыру жүргізілген болуға тиіс. Аталған жұмыстар көмектеспесе, коллекторларға беруге рұқсат.
"Қарыз беруші мекемелерге екі жылға дейін өтелмеген несиелерді коллектор компанияларға өткізуге тыйым салынып отыр. Өтелмеген қарыздар бойынша жаңа келісімшарттар, болмаса уақытын созу арқылы жаңа кесте жасалуға тиіс. Болмаса ай сайын төлемді төмендету арқылы мүмкіндік беруге болады", - дейді Қарызсыз қоғам ұйымының қаржылық сарапшысы Дулат Мыңбаев.
Қазір онлайн несие рәсімдейтін алаяқтар қаптап кетті. Енді жаңа заңға сай, микро несие алу үшін міндетті түрде биометриялық сәйкестендіруден өту қажет. Бұл норманың техникалық жағынан қалай іске асатыны қазір қаралып жатыр дейді мамандар.