Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ ӘУЕ БАҒЫТЫ АШЫЛАДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА-МӘСКЕУ ӘУЕ БАҒЫТЫ АШЫЛАДЫ

16 шілдеден бастап аптасына 4 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі күндері) Мәскеу-Қызылорда-Мәскеу жаңа әуе бағыты өз жұмысын бастайды. Әуе тасымалы «Аэрофлот» компаниясының А-320/321 «Эйрбас», «Boeing-737» ұшағы арқылы жүргізіледі.
Сонымен қатар, «Байқоңыр-Қызылорда (әуежай)» трансфері дайындалады.
- Биыл мамыр айында «Қорқыт ата» әуежайының қызметкерлері «Авиациялық аэрофлот мектебінің» мамандарынан арнайы оқудан өтіп, А320/321 әуе кемесінің техникалық қызмет көрсету даярлығын тексеруден өткізді. Сонымен қатар, Қызылорда облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Байқоңыр қаласының әкімшілігімен әуе бағытының жұмысын жандандыру мақсатында әуежайға баратын автобустар мәселесі туралы жұмыстарды атқарды. «Аэрофлот» компаниясы арқылы ұшу басқа әуе компанияларымен салыстырғанда біршама арзан, - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов.
Айта кетейік, бүгінгі күні алғашқы рейске билеттің көп бөлігі сатылған. Кесте бойынша ұшақтың келу уақыты – 06:10, ұшу уақыты жергілікті уақытпен – 07:20. Сатып алған уақытына қарай бизнес-класс билеттерінің бағасы – 167 000-нан басталса, эконом-класс билеттері 26000-нан басталады.
10 шілде 2018 ж. 1 514 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 56

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 43

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 57

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 56

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 58

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031