Еңбек министрі шетелде демалмайтынын, қымбат бұйымдарға қызықпайтынын айтты
Фото: primeminister.kz
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова шетелде демалмайтынын, қымбат бұйымдарға қызықпайтынын айтты, деп хабарлады Halyq Uni.
Үкіметтің баспасөз орталығында ведомство басшысына журналист «Қазақстандағы ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Еңбек министрі ретінде қазақстандықтарға бренд бұйымдарын алуы үшін қандай кеңес бересіз? Мысалы, сіздің көзілдіріңіз Dior брендінен екен» деп сұрақ қойды.
Светлана Жақыпова білім алып, адал жұмыс істеуге кеңес берді.
85 мың теңге – ең төменгі стандарт. Бүгінде бұл қаржыны жұмыс берушілер біліктілігі төмен азаматтарға есептейді. Себебі, олардың білімі мен біліктілігі жоқ. Сондықтан олар 85 мың теңгені алады. Алайда сіз көп ақша тауып, әдемі өмір сүргіңіз келсе, жұмыс істей жүріп, білім алуыңыз керек. Осылайша, сіз дағдыңыз бен құзыретіңізді арттырып, кәсіби маман болуыңыз керек. Менің көзілдірігім Dior-да. Бұл – сапалы реплика. Дүкеннің қайда екенін айта аламын. Оптикада (бұл көзілдірік) 25 мың теңге тұрады. Костюмді де, жақсы бұйымдарды қайдан алуға болатынын да айта аламын, - деді министр.
Басшы қымбат бұйымдарға қызықпайтынын атап өтті.
Иә, (брендтің көшірмесінен) киінемін, одан ұялмаймын. Себебі, мен бренд (киімдерді) киюге тырыспаймын. Әдемі өмір сүріп, мейрамханадан тамақтанып, шетелде демалуға қызықпаймын. Менің арым таза. Себебі, кәсіби қызметімде шетелде демалмадым, Қазақстанға адалмын, - деді Светлана Жақыпова.