Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда микроқаржы ұйымдары жабыла ма – агенттік жауабы

Қазақстанда микроқаржы ұйымдары жабыла ма – агенттік жауабы

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform
Микроқаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын күшейтуге назар аударылып отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов айтты.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында тілшілер микроқаржы ұйымдарын (МҚҰ) жабу мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды.

«Қаржы нарығын реттеуші агенттік ретінде әрбір салада қаржы нарығын дамыту мақсатын қойып отырмыз. Бізде жалпы микроқаржы ұйымдарын, ломбардтарды, коллекторлық агенттіктерді қосқан кезде 1,5 мың ұйым бар. Олар бүкіл Қазақстан өңірлерінде таралған. Микроқаржы ұйымдарын не үшін дамытуымыз керек? Мәселен, 21 банк бар және олар көбіне үлкен қалаларда, облыс орталықтарында орналасқан. Шалғайдағы елді мекендерде микроқаржы ұйымдарының институттары дамуы керек. Сол өңірлердің тұрғындарына МҚҰ-ның кредит ресурстарын қолжетімді ету маңызды жұмысымыздың бірі саналады», - деді О. Қизатов.

Сонымен қатар ол агенттік микроқаржы ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын күшейтуге назар аударып отырғанын айтты.

«Елімізде 1,5 мың микроқаржы ұйымы тағы да көбейе қоймас. Солардың қаржылық жағдайын күшейтуіміз керек. Яғни капиталдарын көбейтіп, қаржылық жағдайын күшейтеміз», - деді агенттік өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, микрокредиттердің ең көп көлемі қай облыстарда берілгені анықталды.
07 маусым 2024 ж. 158 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930